USD
USD
USD

Атырау облысында ұзақ уақыт алимент төлемеген әке қамауға алынды

Атырау облысында сот қаулысымен ер адамнан балаларын асырап-бағу үшін алимент өндірілген болатын. Бірақ борышкер сот бұйрығын орындамағанның салдарынан оның қарыз сомасы шамамен 2 млн теңгеге жеткен, деп хабарлады "Ақ Жайық" басылымы.

Атырау облысында ұзақ уақыт алимент төлемеген әке қамауға алынды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Басылым ақпараты бойынша, Атырау облысы Махамбет аудандық сотында Б.А. есімді азаматқа қатысты Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 669-бабы 1-бөлігіне (Сот үкiмiн, сот шешiмiн немесе өзге де сот актiсiн және атқарушылық құжатты орындамау) сәйкес іс қаралды.

Бұған дейін 2022 жылғы 18 наурыздағы сот бұйрығына сәйкес, Б.А. есімді борышкерден кәмелетке толмаған үш баласын асырап-бағу үшін айлық табысының және өзге де кірісінің тең жартысы мөлшерінде алимент өндірілген. Бірақ Б.А. сот бұйрығына бағынбаған. Ол қаржылай алиментті уақытылы төлеп отырмағанның салдарынан берешек сомасы 2 075 862 теңгеге жеткен.

Сот отырысында Б.А. кінәсін мойындады. Сот қаулысымен Б.А. ӘҚБтК-нің 669-бабы 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, 3 тәулікке әкімшілік қамаққа алынды.

Қазір оқып жатыр

Оңтүстік Кореяда Alatau City-де ірі жобаларды іске асыру мүмкіндігі талқыланды

Alatau City бойынша келіссөздер

«Біз одан шарап ішеміз»: Кенесарының бас сүйегі туралы айтқан қырғыз студенттері кешірім сұрады

Қырғызстандық студенттер

Жанжал кезінде газ тапаншасынан оқ атқан Астана тұрғыны 5 жылға сотталды

тапанша

Іле-Балқаш резерватына бір үйір құлан жіберілді

Іле-Балқаш резерватына жіберілген құландар