USD
USD
USD

Атырау облысында шектеу шаралары күшейтілді

 Бұл туралы облыстың бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Мәдениет Танауовтың жаңа қаулысында айтылған.

Атырау облысында шектеу шаралары күшейтілді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Атырау облысының аумағында эпидемиологиялық жағдай тұрақталғанға дейін шаруашылық және (немесе) өзге де қызметпен және халықтың тыныс-тіршілігінің ерекше жағдайларымен шектеу шаралары енгізілсін. Шектеу іс-шараларының режимі мен мерзімдері облыс аумағында COVID-19 коронавирустық инфекциясының таралуы бойынша ахуалдың өзгеруіне сәйкес қайта қаралуы мүмкін» -делінген құжатта. Жаңа қаулығы сәйкес, көпшілік іс-шараларды (мерекелік, ойын-сауық, көпшілік мәдени, көрмелерді, корпоративті, форумдарды, конференцияларды, сондай-ақ отбасылық, естелік іс-шараларды (банкеттер, үйлену тойлары, мерейтойлар, еске алу және т. б.), оның ішінде үйде және жаппай адамдар жиналатын өзге де іс-шараларды өткізуге тыйым салынып отыр.

«Аshyq» жобасына қатысатын әлеуметтік-экономикалық объектілердің қызметін қоспағанда ойын-сауық объектілерінің, банкет залдарының, жабық үй-жайдағы, соның ішінде қоғамдық тамақтану объектілеріндегі балалар ойын-сауық орталықтары мен аттракциондардың, ойын алаңдарының (ауладағыларды қоспағанда), түнгі клубтардың, караоке, компьютерлік және ойын клубтарының, кальян, бильярд, боулингтердің, букмекерлік кеңселердің, «Ashyq» жобасына қатысатын әлеуметтік-экономикалық объектілердің қызметін қоспағанда мәдени объектілердің, жеке, топтық дайындықтарды қоса алғанда кинотеатрлардың, театрлардың, концерт залдарының, филармониялардың қызметіне, «Ashyq» жобасына қатысатын әлеуметтік-экономикалық объектілердің қызметін қоспағанда көрермендері бар спорттық іс-шараларды өткізуге тыйым салынсын» -делінген қаулыда.

Жаңа қаулы 24 мамырда сағат 00:00-ден бастап заңды күшіне енеді.

Қазір оқып жатыр

Ақтөбеде Жеңіс күніне арналған еске алу шаралары өтті

.

Тоқаев Мәскеудегі Жеңіс күніне арналған әскери шеруге қатысты

.

Қонаевта Жеңіс күніне орай боздақтар рухына тағзым жасалды

.

Астанадағы плац-концертте «Арланнан» түтін шықты

.