USD
USD
USD

Атырау облысында «Сарайшық» визит-орталығы ашылды

Атырау облысының Махамбет ауданында «Сарайшық» визит-орталығы ашылды. Мәдениет және спорт министрі нысанның жұмысымен танысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Атырау облысында «Сарайшық» визит-орталығы ашылды
Фото: NEGE.kz

Атырау, NEGE. «Визит-орталығының жұмысымен танысу барысында қонақтардың тамақтануына және түнеп шығуына жайлы жағдай жасалған орындарды, сондай-ақ келушілер Қазақ хандығы, Алтын Орда және одан бұрынғы дәуірлер тарихымен таныса алатын экспозициялық залды араладым.

Ақпарат үш тілде беріледі. Зал экрандармен және ақпараттық терминалдармен жабдықталып, мультимедиялық технологиялар қолданылады.

Сондай-ақ, археология залында болдым. Мұнда қалашықтан табылған жәдігерлер мен ұлы ғалым Әлкей Марғұланға арналған шағын экспозиция ұсынылды», - деп жазды министр.

Мәлім етілгендей, визит-орталықта балаларға арналған шығармашылық секциялар да бар.

«Сарайшық» визит-орталығын іске қосу – бұл үлкен істің бастамасы ғана. Біз нысанды дамытудың бесжылдық жоспарын әзірледік, соның арқасында бұл киелі орынды шетелдік және ішкі туристер үшін тартымды етеміз деп күтеміз», - дейді А.Оралов.

Айта кетейік, Қазақстанда бұдан бөлек, тағы үш визит-орталық жұмыс істейді: Алматы облысында «Таңбалы», Ұлытау облысында «Ұлытау» және Түркістан облысында «Отырар».

Биыл үш визит-орталықтың құрылысын аяқтау жоспарланып отыр. Олар – еліміздің оңтүстігіндегі «Сауран», «Гауһар-ана» және «Ордабасы» орталықтары.

Қазір оқып жатыр

Ермұрат Бәпи: «Мені сатқын деуге ешкімнің хақысы жоқ»

Decaf

«Таза Қазақстан»: «Әділет» партиясы жастардың азаматтық белсенділігін арттыруда

«Әділет» партиясының баспасөз қызметі

Астанада автосалон менеджері 53 млн теңгенің сегіз көлігін заңсыз сатып, қаржыны өз қалтасына басқан

Менеджер

Пәкістанда мектептің төбесі опырылып, 32 оқушы мен бір мұғалім қаза тапты

Оқиға орны