USD
USD
USD

Атырау облысында өрт шықты

26 наурыз күні сағат 16:55-те Бірлік ауылынан 20 шақырым қашықтықта орналасқан Қиғаш өзенінің жағалауында қамыс жанып жатқаны туралы шақырту түсті, деп хабарлайды ТЖМ.

Атырау облысында өрт шықты
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Өрт сөндіру бөлімшесі шақырту орнына жеткен кезде "Құрманғазы ормандар мен жануарлар дүниесін қорғау мекемесі" КММ аумағында қамыстардың жануын анықтады. Қамыс өртінің жалпы ауданы 30 га болды. Оның ішінде ТЖД қызметкерлерімен және "Құрманғазы ормандар мен жануарлар дүниесін қорғау мекемесі" КММ күштерімен 21га көлемінде қамыс өрті жойылды және 9га өрт өздігінен өшкен. Өрт 21:30 сағатта толықтай жойылды. Зардап шеккендер жоқ.

Өрт хлопушкалармен сөндірілді, өйткені бұл өртенген қамысты осындай жағдайда сөндірудің жалғыз мүмкін әдісі.

Өртті сөндіруге Атырау облысы ТЖД,  "Құрманғазы ормандар мен жануарлар дүниесін қорғау мекемесі" КММ 31 қызметкері, 1 бірлік техникасы, 5 дана мотопомпасы, 4 бірлік қайығы жұмылдырылды. 

Қазір оқып жатыр

Face ID жүйесіне қарсы шыққандарды полиция алып кеткен: басқарма не дейді?

Face ID

Тоқаевтың кітабы әлеуметтік желілерде қызу талқы тудырды: қазақстандықтар не дейді?

Кітап

Жетісу облысында оқушы қызды экскаватор қағып кетті

Эксковатор дөңгелегі

«Қолында суық қару болды»: Қостанайда футболшыға шабуыл жасалды

Пап-Алиун Ндиайе