USD
USD
USD

Атырау облысында мектепке «бомба қойған» жігіт қамауға алынды

Атырау облысында мектепке «бомба қойған» жігіт қамауға алынды. 

Атырау облысында мектепке «бомба қойған» жігіт қамауға алынды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE.  Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, кеше, 3 тамызда 102 операторына «Индербор кентінде орналасқан мектептердің бірінде жарылғыш зат бар» деген хабар түскен.

«Полиция қызметкерлері жедел іздестіру іс-шарасын жүргізіп, күдікті адамды анықтады. Индер ауданының орталығы – Индербор кентіне қонаққа келіп, жалған ақпарат берген Батыс Қазақстан облысының 29 жастағы тұрғынын ұстады» -деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Қазір жалған хабар берген күдіктіге қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 273-бабымен тергеу жүргізіліп жатыр. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.

Қазір оқып жатыр

«Соңғы нәтиже сын көтермейді»: Скотт Манн ұлттық құраманың ойынына қатысты үн қатты

Скотт Манн мен Джон ван ’т Схип/kff.kz

Қарашадағы жиналыс. «Алтыналмас» НЕГЕ дайындалып жатыр?

Almas

Отбасы банк қарызды өтеу үшін несие беруді уақытша тоқтатты

Отбасы банк

Қырғызстанның бұрынғы президентінің ұлы 4 жылға сотталды

Қадырбек Атамбаев