USD
USD
USD

Атырау облысында лотос алқабы гүлдеді

Атырау облысының Құрманғазы ауданында лотостың гүлдену маусымы басталды.

Атырау облысында лотос алқабы гүлдеді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Аумағы 5 мың гектарды қамтитын лотос алқабын көру үшін күніне 50-ге жуық турист келеді, деп хабарлайды Атырау облысының өңірлік коммуникациялар қызметі.

Құрманғазы аудандық кәсіпкерлік және туризм бөлімінің басшысы Нұрлыбек Төлеповтың айтуынша, туристер қатары жыл сайын артуда. Сондықтан Қиғаш бойындағы лотос гүлінің алқабы – қорғау мен күтіп-баптау жұмыстарын қажет етеді.

"Лотос алқабы табиғат жағынан қорғалатын аймақ болғандықтан "Қызыл кітапқа" енген. Келген туристер табиғатты бағаламайды, олардың арасында гүлді сындырып, жұлу фактілері кездесті. Соған сәйкес, арнайы құзырлы орган тараптарынан бақылау болса екен дейміз",- деді Құрманғазы аудандық кәсіпкерлік және туризм бөлімінің басшысы Нұрлыбек Төлепов.

Қазір оқып жатыр

ДСМ телеарналар мен әлеуметтік желілерде фастфуд жарнамасын шектеуді ұсынды

жарнама

Әділет министрлігі NCOC-тан 2,3 трлн теңге өндіріп алу неге уақытша тоқтатылғанын түсіндірді

Әділет министрлігі

Павлодарда шиномонтаж қызметкері дөңгелек жарылғаннан кейін қаза тапты

Шиномонтаж

PISA-2025: Қазақстан оқушылары қандай нәтиже көрсетті?

Сынып