USD
USD
USD

Атырау облысында құжатсыз жүрген 4 Қытай азаматы анықталды

Атырау облысында құжатсыз жүрген 4 Қытай азаматы анықталды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Атырау облысында құжатсыз жүрген 4 Қытай азаматы анықталды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. 20-30 қараша аралығында Атырау облысы аумағында құқық бұзушылықтарға нөлдік төзімділік қағидасын нығайту, көшелер мен басқа қоғамдық орындарда тиісті қоғамдық тәртіпті қолдау мақсатында "Құқықтық тәртіп" жедел-профилактикалық іс-шарасы өтіп жатыр. Іс-шара барысында Атырау қаласы полиция басқармасы көші-қон қызметі бөлімі және Атырау қаласы полиция басқармасы жергілікті полиция қызметі бөлімінің учаскелік полиция инспекторлары бірлесіп, 22 қараша күні сағат 10:30 шамасында Атырау қаласы Каспий ықшам ауданында орналасқан тұрғын үйлердің бірін тексеру кезінде Қытай Халық Республикасының 4 азаматының жеке басын анықтайтын төлқұжаты жоқ екенін анықтаған.

Аталған шетел азаматтары қабылдау-тарату орнына орналастырылып, оларға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 517-бабы 5-тармағы бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, Атырау қаласы полиция басқармасы көші-қон қызметі бөлімінің инспекторлары жинақталған іс-құжаттарды сотқа жолдауда.

Қазір оқып жатыр

Екі экс-министрдің арызынан кейін Гүлнар Бажкеноваға айыппұл салынды

Гульнара Бажкенова

«Әділет» партиясы Қазақстанның барлық өңіріндегі филиал басшыларын жасақтады

"Әділет" партиясы

Атырау облысында жеті әкім қоқыс үйіндісі үшін жауапқа тартылды

әкімшілік жаза

Түркістанда жол апатынан полиция капитаны көз жұмды

Бауыржан Қонысбеков