USD
USD
USD

Атырау облысында коронавирустан бір тәулікте 109 адам жазылды

Атырау облысында бір тәулікте коронавирустан 109 адам жазылды. Облыс әкімінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, қауіпті індеттен 109 адам айығып шыққан.

Атырау облысында коронавирустан бір тәулікте 109 адам жазылды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Емделген науқастардың ішінде Теңіз кенішінің 104 жұмысшысы, 1 медицина қызметкері, Астрахан қаласынан келген 1 студент бар. Сондай-ақ, Түркістан қаласының 2 және Атырау қаласының 1 тұрғыны да отбасына оралды. Бұл пациенттерден алынған тест қорытындысы теріс нәтиже көрсетті. Қауіпті індеттен айыққандардың барлығы өздерін жақсы сезінеді», - деп хабарлады облыс әкімдігінен. Атырау облысында коронавирус инфекциясынан жазылғандардың жалпы саны 746 адамға жетті. Бұдан бұрын Атырауда індеттен екі адам қайтыс болғанын, оның бірі үйінде бір апта жатып қалғаны айтылды. 

Қазір оқып жатыр

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды

жаппай тобелес

Трамптың ұлдары Қазақстандағы вольфрам жобасына қаржы құйды

Трамп ұлдары

Мәсімовтің бұрынғы күйеу баласы қос азаматтығы болғанын мойындады

Азамат Капенов

Вьетнамда ұсталған блогер Қайсар Қамза көшеде еркін қозғалып жүр

Қайсар Хамза