USD
USD
USD

Атырау облысында Қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған қару-жарақтар табылды

Атырау полицейлері Қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған қару-жарақтарды тапты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Атырау облысында Қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған қару-жарақтар табылды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. 28 ақпан күні Атырау облысы ПД қызметкерлері “Қару” жедел-профилактикалық іс-шарасы кезінде Ақсай елдімекені тұсындағы Жайық өзенінің жағалауында Қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған қару-жарақтың сақталған жерін анықтаған.

Тексеру кезінде Атырау облысы ПД жылдам қимылдайтын арнайы жасағына тиесілі Форт-500М мылтығы, үш 12 мм калибрлі патрон, екі ГСЗ ДК-130 СГ граната, бір ПР 54 резеңке таяқша және жеке қорғаныс құралдары, оқ өтпейтін кеудеше, каскалар табылып, тәркіленді.

Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 287-бабының 2-бөлігімен қылмыстық іс қозағалып, сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары басталды. Өзге ақпарат Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес жариялануға жатпайды.

Қазір оқып жатыр

Stadler вагондары жолға шығуға дайын: билет сатылымы басталды

Stadler

Ақын Ербол Бықыбаев терроризмді насихаттады деген күдікпен ұсталды

Ербол Былықбаев

Хайнаньда 150-ден астам қазақстандық рейсті бір тәуліктен аса күтуге мәжбүр болды: Air Astana мән-жайды түсіндірді

 Air Astana

Трамптың ұлы мен Кремльге жақын кәсіпкер Қазақстанда кездесіп, іскерлік келіссөз жүргізген болуы мүмкін – БАҚ

Умар Кремлев, кіші Трамп