USD
USD
USD

Атырау облысында қамыс өрті сөндірілді

2023 жылғы 6 сәуірде сағат 21.30-да Атырау облысы Каспий теңізінің жағалауында қамыс өрті сөндірілді.

Атырау облысында қамыс өрті сөндірілді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE.  Қазақстан Ғарыш сапары» космомониторингіне негізделген «Ақжайық» мемлекеттік табиғи резерваты ақпаратына сәйкес, өрттің жалпы ауданы 1200 га жеткен.

Қамыс өсімдіктерінің жануы нәтижесінде флора мен фауна зардап шеккен жоқ, өйткені құстардың ұя салу кезеңі әлі басталмаған.

Естеріңізге сала кетейік, 2023 жылғы 2 сәуір күні сағат 09:12-де Атырау қаласының Дамбы ауылынан 30 шақырым жерде Каспий теңізі жағалауының сулы, батпақты жерінде қамыс өсімдіктері жанған болатын. 

Жану ошақтары анықталғаннан кейін Атырау облысы ТЖД күштері мен құралдары дереу оқиға орнына жіберілді.

5 күн бойы өрт сөндірушілер жалынмен күресті. Жел бағытының өзгеріп отыруы, аумақтың сулы, батпақты болуы, сондай-ақ қамыстың тығыз қалың баурайы өрт сөндірушілерге қиындық туғызғанын айта кеткен жөн. 

Өрт сөндіру автотехникасына өту жолдарының болмауына байланысты, өртті сөндіру жаяу түрде өрт сөндіргіштер мен хлопушкаларды қолдану арқылы жүзеге асырылды. 

Қамыс өртін жоюға  ТЖД 42 қызметкер мен 7 бірлік техника және «Ақ Жайық» табиғи мемлекеттік резерватынан  30 адам мен 9 бірлік техника, 2 қайық, 4 мотопомпа жұмылдырылды. 

Сонымен қатар, қамыс өсімдіктерін сөндіруге «Қазавиақұтқару» АҚ-ның СТҚ-5 су төгетін құрылғысы бар МИ-8 тікұшағы жұмылдырылды. Өрт сөндіру кезеңінде тікұшақ өрт ошақтарына әуеден 86 рет, жалпы көлемі 260-қа жуық тонна  су төкті. 

Қазір оқып жатыр

Face ID жүйесіне қарсы шыққандарды полиция алып кеткен: басқарма не дейді?

Face ID

Тоқаевтың кітабы әлеуметтік желілерде қызу талқы тудырды: қазақстандықтар не дейді?

Кітап

Жетісу облысында оқушы қызды экскаватор қағып кетті

Эксковатор дөңгелегі

«Қолында суық қару болды»: Қостанайда футболшыға шабуыл жасалды

Пап-Алиун Ндиайе