Атырау облысында ірі мұнай өңдеу мекемелерінен прекурсорлар тәркіленді
Атырау облысында “Дәрмек” ЖПІШ аясында ірі мұнай өңдеу мекемелерінен 20 тоннаға жуық прекурсорлар тәркіленді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Алматы, NEGE. Есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың заңды айналымы саласындағы құқықбұзушылықтарды анықтау, сондай-ақ бақылаудағы заттардың заңсыз саудасы фактілерінің жолын кесу мақсатында республика көлемінде “Дәрмек” жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізіліп жатыр.
Іс-шара кезінде есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлардың, сондай-ақ қызметі лицензиялауға жататын емдеу-профилактикалық дәріханалық, ветеринариялық, оқу және ғылыми-зерттеу ұйымдарының заңды айналымы саласындағы кәсіпкерлік субъектілерінің қызметіне тексеру жұмыстары жүргізіледі. Атырау облысы ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы қызметкелері іс-шара барысында Атырау қаласындағы ірі мұнай өңдеу мекемелерінің лабораторияларына тексеру жұмыстарын жүргізді.
Нәтижесінде ҚР ӘҚБтК-нің 464-бабы бойынша (Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген лицензиялау нормаларын бұзу, оның iшiнде лицензияланатын қызмет түрлерiне қойылатын бiлiктiлiк талаптарына сәйкес келмеу) – 2, ӘҚБтК-нің 426-бабы (Фармацевтикалық қызметтің және дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласының қағидаларын бұзу) – 1 және 427-бабы (Есірткі, психотроптық заттар, прекурсорлар айналымы саласындағы объектілер мен үй-жайлардың техникалық нығайтылу талаптарын бұзу) бойынша 2 дерек анықталды.
Сондай-ақ Атырау қаласындағы ірі мұнай өңдеу мекемелерінен 20 тоннаға жуық прекурсорлар тәркіленіп, құжаттар жинақталып, сараптама тағайындалды. Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасып жатыр.
Қазір оқып жатыр
«Ғалымдар жаппай қуылды» деген ақпарат шындыққа жанаса ма? Ясауи университеті жауап берді
2 млрд теңге табыс тапқан: Алматыда Kizdar.net сайтын құрушылар қамауға алынды
АҚШ-та жоғалып кеткен қазақстандық жігітке қатысты тың ақпарат айтылды
Samruk-Kazyna Construction еншілес компаниясын 228,8 млн теңгеге сатпақ