Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Атырау облысында елу түлек ҰБТ тапсыруға жіберілмеді

 Атырау облысында ҰБТ кезінде 50 түлектің тәртіп бұзғаны анықталды. Олардың барлығы бірден тестілеу залынан шығарылды. Ұялы телефон алып кірмек болған, тестілеу кезінде көшіру парақтарын пайдаланған түлектер дереу анықталып, шара қолданылып жатыр.

Атырау облысында елу түлек ҰБТ тапсыруға жіберілмеді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Сондай-ақ ата-аналар мен мұғалімдердің әлеуметтік желідегі чаттарына мониторинг жүргізіледі. Биыл облыста 3 мыңнан астам түлек тестілеуден өтпек. Осы жылғы сынақтың өту ережесі де өзгеше. Індетке байланысты қауіпсіздік шараларына баса назар аударылып, 1,5-2 метр арақашықтықты сақтау талап етілді. Оған қоса арнайы мониторингтік топ қадағалауды қатайтты. Бүгінге дейін өңірге қарасты барлық ауданда сынақ аяқталған. Қазір тестілеу тек облыс орталығында ғана өтіп жатыр.  Облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті басшысының бірінші орынбасары Айдос Мамыт: "Атырау қаласы бойынша тапсырған түлектің бірінен өзімен бірге алып кірген тест кітапшасы анықталды. Ол тест кітапшасын өзі денесіне жапсырып кіргізген болатын. Оны біздің қызметкерлер және бақылаушылар анықтап, сол баланы тест тапсырмау және тестіден шығарып салу бекітіліп, ол енді келесі жолы тестке қатыстырылмайтын болды", - деді.

Қазір оқып жатыр

Қазақстан мен Ресейдің келесі медиафорумы Астанада өтеді

.

Мемлекет басшысы Ұлттық архив ұжымы мен ардагерлерін 20 жылдық мерейтоймен құттықтады

Ұлттық архив

«Әкім келер алдындағы көзбояушылық»: Ақмола облысында жолшылар асфальтты бояғаны рас па?

Красный яр

Қазақстандық жүзушілер АҚШ-тағы халықаралық турнирде 13 алтын медаль жеңіп алды

жүзгіш