USD
USD
USD

Атырау облысында бір күнде 45 тонна қоқыс жиналды

Атырау облысында сенбілік өтіп, 1 мыңнан астам адам 45 тонна қоқыс жинады, деп хабарлады ҚазАқпарат.

Атырау облысында бір күнде 45 тонна қоқыс жиналды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Нұрлан Жантоқовтың айтуынша, сенбілік «Жер-Ана» атауымен ұйымдастырылған.

«Табиғатта қоқысқа жол жоқ» деп аталған жалпы ұлттық экологиялық акциясы аясында өткен сенбілікке 1 мыңнан астам адам қатысқан. Оның ішінде экология департаментінің мамандары, аймақтың атқарушы органдардың, кәсіпорындардың өкілдері, экобелсенділер мен студенттер бар. Қоқыстарды шығаруға 23 техника тартылған.

 Сенбілікке қатысушылар 1 591 тал көшетін еккен. Облыс аумағынан 45 тонна қоқыс жиналған. Қоқыстың арасында қайта өңдеуге болатын қалдықтың кейбір түрі бар. Сол себептен, сұрыпталған қоқыстар арнайы кәсіпорынға қайта өңдеуге жіберілді.

Аталмыш акция қазан айының соңына дейін жалғаспақ.

Қазір оқып жатыр

Меладзенің Алматыдағы концертінде шу шығарған әйелдер жазаланды

.

Семейде жүріп бара жатқан жолаушылар автобусы өртенді

өрт

Alatau City жобасына Еуропа елдерінен инвесторлар тартылмақ

Делегация Алатау сити

Болат Өтемұратов OLX Қазақстанды 81 миллион долларға сатып алды

Болат Өтемұратов