USD
USD
USD

Атырау облысында балабақшаны улады деген ақпарат жалған

Атырау облысында балабақшаны улады деген жалған ақпарат тараған.

Атырау облысында балабақшаны улады деген ақпарат жалған
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Атырау облысында балабақшаны улады деген жалған ақпарат тараған. Бұған дейін әлеуметтік желі мен мессенджлерде «Құлсарыдағы «Әсем» балабақшасында балаларды қасақана улауда» деген ақпарат тарады. Жылыой аудандық білім бөлімі бұны жоққа шығарды.

«Әсем» балабақшасында 10 қыркүйек күні «ЖылыойДезсервис» мекемесі дезинфекция (жәндіктерді улау процедурасы), яғни маса улау жұмыстарын жүргізген. Маса улау шарасы кешкі сағат 17.00 шамасында, яғни, балаларды ата-аналар алып кететін уақытта жасалды. Балалар аулада тәрбиешілерімен бірге болды. Маса улау жұмысын видеоға түсіріп, әлеуметтік желіге жүктеген ата-ананың баласы 10 қыркүйекте балабақшаға келмеген. Анасы кешкі сағат 18.00 шамасында балабақшаға баласының киімдерін алып кетуге келген. Ескертуге қарамастан, «балаларды улап жатыр» деген бағытта жалған ақпарат таратып, видео түсірді. Балабақшаға қатысты жалған ақпарат таратқан ата-анаға шара қолдану үшін «Әсем» балабақшасы тарапынан құқық қорғау органдарына шағым түсіріледі» делінген Жылыой аудандық білім бөлімі таратқан ақпаратта.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырау облысында мектепке «бомба» қойған жігіт қамауға алынғанын хабарлаған едік.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев пен Ердоған Мәңгілік достық туралы декларацияға қол қойды

Ердоған, Тоқаев

Алматының Наурызбай ауданында ауаның ластануы мөлшерден бірнеше есе асып кеткен

ауа сапасы

Атырау облысының әкімі Индер көлін ерекше қорғалатын аумақтар тізімінен қалай шығартты

.

«Аяқкиім мен сөмке сатып алып берген»: Ақтөбе облысында шекара бөлімшесінің бастығы сотталды

Сталкинг