USD
USD
USD

Атырау облысында аумағы 6 гектар көл пайда болды

Атырау облысында күтпеген жерден «Ұлттық индустриалды мұнай-химия технопаркі» арнайы экономикалық аймағының аумағында көлемі 6 гектарға жуық көл түзілді, деп хабарлайды ҚазАпарат.

Атырау облысында аумағы 6 гектар көл пайда болды
Фото: NEGE.kz

Атырау, NEGE. Көл Атыраудан 30 шақырым жерде - Қарабатан ауданында пайда болған. Мұнда «Базис Констракшн» АҚ «Су дайындау» жобасын жүзеге асырып жатыр. Тапсырыс беруші – «Karabatan Utilities Solution» ЖШС.

«Су сынамасы алынып, зертханалық талдауға тапсырылды. Қазір су төгілген бұл аумақтың кімге тиесілі екені анықталып жатыр. Нәтижесі дүйсенбіде дайын болады», - деп хабарлады облыстың экология департаменті.

Сондай-ақ бұл аумақта су ағызуға рұқсат жоқ екені белгілі болды.

Осы аумақта мал жайып жүрген фермерлердің айтуынша, судан химикаттың иісі шығады, мал көлге жақындамайды.

Қазір оқып жатыр

Alatau City жобасына Еуропа елдерінен инвесторлар тартылмақ

Делегация Алатау сити

Болат Өтемұратов OLX Қазақстанды 81 миллион долларға сатып алды

Болат Өтемұратов

Ташкентке жарысқа барып, ауруханаға түскен жас футболшылар елге оралды

Ташкентте емделген футболшылар мен дәрігерлер, елшілік өкілдері

Павлодар колониясында 12 жылға сотталған жігіт өлі күйінде табылды

рақымшылық