USD
USD
USD

Атырау облысында аша тұяқты малдан ауру шықты

Атырау облысының Қызылқоға ауданына қарасты 4 ауылдан аша тұяқты мал арасынан ауру шықты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Атырау облысында аша тұяқты малдан ауру шықты
Фото: NEGE.kz

Атырау. NEGE. Сиыр мен қой-ешкі жем-судан қалып, ауыздарынан су ағып аз күнде азып кетеді екен. Аурудың алғашқы белгілері өткен қараша айында осы ауданға қарасты Сағыз ауылынан шыққан еді. Ол кезде аталған ауылдан 90-ға тарта мүйізді ірі қара мен 100-ден астам ұсақ жандықтан ауру белгілері анықталған. Мал мамандары зертханалық-сынама негізінде бұл ауруды жұқпалы «ринотрахеиттік вирусты диарея» деп тапты. Ауру ошағын оқшаулау мақсатында облыстық ауылшаруашылығы басқармасының ветеринария бөлімі Сағыз ауылында 31 желтоқсаннан бастап бір айлық шектеу жариялаған болатын. Енді жұқпалы індет Миялы, Мұқыр, Жангелдин ауылдарындағы малдардан да шыға бастапты. Бүгінде ауру малдың саны 600-ден асқан. Осыған орай мал дәрігерлері аша тұяқтыларды жаппай еге бастады. Сондай-ақ, ауру малдың өнімдерін пайдалануға тиым салды. Қолдағы малы сатуға немесе союға рұқсат жоқ.

Нұркен Бояров, облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы ветеринария бөлімінің маманы:

Бұл жерлерден 14 сынама алынды. Нұр-Сұлтан қаласындағы ұлттық ветеринарлық зерттеу орталығына жіберіліп, «ринотрахеиттік және вирусты диарея» ауруына оң нәтиже берді. Қосымша Ақтөбе облысынан мамандар тартылды. Жергілікті мамандар да бар. Барлығы 32 дәрігер ветеринарлық шараларды жүргізіп жатыр.
 

Қазір оқып жатыр

Роналду рекорд орнатқан ойында Португалия Өзбекстанды ойсырата жеңді

.

«Ауылда» да төраға ауысты: Егізбаев орнын босатты

.

Оңтүстікте жұмыс уақытында құмар ойын ойнаған шенеуніктер қызметінен қуылды

.

26 маусымда Парламент Палаталарының бірлескен отырысы өтеді

Парламент