USD
USD
USD

Атырау облысында әкім балық неден қырылғанын айтты

Атырау облысы Қызылқоға ауданының әкімі Нұрсұлтан Бисембиев өңірде балықтың қырылу себептерінің бірі жылқы зәрі болуы мүмкін екенін мәлімдеді.

Атырау облысында әкім балық неден қырылғанын айтты
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. 10 маусымда Қызылқоға ауданы Сағыз ауылынан екі шақырым жерде балық қырылып жатқаны жөнінде дабыл түскен. Өлі балықтар Ноғайты өзенінің Сағыз өзеніне құятын тұсынан табылды.

«Бұл дерек маусымның 10-на қараған түні анықталды. Біз дер кезінде бардық, облыстан да арнайы комиссия келді. Қаракөз және қызылқанат балықтарының шабақтары екі өзеннің құяр аумағында өлген. Өзіміздің жобалауымызша, бөлініп қалған суда жылқының зәрінен немесе қой тоғытудың салдарынан ауа жетпей өлуі мүмкін деп отырмыз», – дейді Қызылқоға ауданы әкімі Нұрсұлтан Бисембиев. 

Өлген балық пен судың сынамасы облыстық ветеринариялық зертханаға тапсырылды. Тексеру қорытындысы белгілі болғаннан кейін қосымша ақпарат хабарланады.

Қазір оқып жатыр

Борышкерлердің шотында өмір сүруге жететін қаражат қалуы керек – депутат

Алмас Мұхаметов

Тоқаев «Лукойл» компаниясының негізін қалаушы Вагит Алекперовпен кездесті

Қасым-Жомарт Тоқаев, Вагит Алекперов

Тіл жайлы сөзі үшін басы дауға қалған гидті полиция тексереді

Татьяна

Шұжықта не барын ДНҚ арқылы анықтайтын тест әзірленді

баға