Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Атырау облысында 82 мың адам «сақтандырылмаған»

Биыл 1 қарашадағы жағдаймен өңірдегі сақтандырылмаған азаматтар саны 82 373  адамды құрады, деп хабарлайды Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз-қызметі "Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры" КЕАҚ Атырау облысы бойынша филиалының директоры Сәбит Құралбектің ӨКҚ-дегі онлайн брифингте айтқан сөзіне  сілтеме жасап.

 Атырау облысында 82 мың адам «сақтандырылмаған»
Фото: NEGE.kz

Атырау, NEGE. "Бүгінде Тіркелген халық тіркеліміндегі (РПН) 652 478 азаматтың 82 373 (12,6%) сақтандырылмай отыр. 2017 жылдың 1 шілдесі мен 2020 жылдың 30 қарашасы  аралығында республика бойынша жарналар мен аударымдар 468  млрд. 549 млн. теңгені құрады,- деді спикер онлайн брифингте.

Сондай-ақ, Сәбит Құралбек МӘМС арқылы сақтандырылмаған азаматтардың кімдер екенін де атап өтті.

-    15 санаттағы жеңілдігі бар азаматтар бірыңғай жиынтық төлем төлеу арқылы 42 500 теңге көмек ақша алды. Ал, Бірыңғай жиынтық төлемді заң бойынша өзін-өзі қамтыған азаматтар төлеуі тиіс болатын. Осылайша жеңілдік санаттағы азаматтар өз статустарын жоғалтып алды. Сонымен бірге, ҚР Үкіметінің 2020 жылғы 20 сәуірдегі №224 Қаулысына сәйкес шағын және орта кәсіпкерліктің  29 санаты 2020 жылдың 1 қазанына дейін өз қызметкерлері үшін жарна төлемей, тек тізімдерін дерекқорға енгізуі қажет еді. Бірақ, барлығы бірдей тізімді енгізбеуі себепті қызметкерлері сақтандырылмай қалып отыр, - деді Сәбит  Құралбек.

Филиал директоры  жеке секторларда жұмыс жасайтын кейбір азаматтар да ай сайынғы жалақыларын қолма-қол алуы себепті сақтандырылмай отырғанын баса айтты.

Айта кетейік, "сақтандырылмаған" азаматтар емхананың тіркеу бөліміне барып, медициналық сақтандыру туралы кеңес алуына болады.

Қазір оқып жатыр

«Алға, Қазақ елі!»: Дастан Сәтпаев алдағы маусымды «Бернли» сапында өткізеді

.

Жеке вилла болмайды: Көк-Жайлаудағы Almaty SuperSki жобасының жай-жапсары

 Kazakh Tourism Development

KEGOC желілері бойынша электрмен жабдықтау толық қалпына келтірілді

жарық

Өзбекстанның да бірқатар облысында жарық өшті

жарық