USD
USD
USD

Атырау облысында 643 мың ПТР-зерттеу жүргізілді

«Аймақта тәулігіне 7 мыңға жуық зерттеу жүргізу мүмкіндігі бар 12 ПТР зертханасы жұмыс істеуде», - деп хабарлайды Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Атырау облысында 643 мың ПТР-зерттеу жүргізілді
Фото: NEGE.kz

Атырау, NEGE. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының қоғамдық денсаулық сақтауды дамыту және мемлекеттік бағдарламаларды мониторингтеу бөлімінің басшысы Ермек Шмалиевтің айтуынша, індет басталғалы бері облыста 643 мың ПТР-зерттеу жүргізілді. Салыстырмалы түрде алсақ, өңірдегі халық саны – 655957.

«Еліміздегі жан басына шаққанда жүргізілген зерттеулер бойынша бұл – ең жоғарғы көрсеткіш. Қаңтар айындағы орташа тәуліктік зерттеу – 3856 тестті құрайды.

Биылғы жылдың қаңтар айында жүргізілген

ПТР-зерттеулер саны өткен жылдың желтоқсан айымен салыстырғанда 29 пайызға артып отыр», - деді бөлім басшысы Ермек Шмалиев.

Қазір оқып жатыр

Атырауда мұнай компаниясына 3 млрд теңгеден астам айыппұл салды

мұнай компаниясы

Қазақстанда тағы үш микроқаржы ұйымы лицензиясынан айырылды

Банкир

Қостанай облысында колледждің 45 студенті оқудан шығарылып, директоры жұмыстан босатылды

Қазақстан агротехникалық колледжі

Гаухар Қаппарова Хорватияның Алматыдағы құрметті консулы болып тағайындалды

Гаухар Қаппарова