USD
USD
USD

Атырау облысында 3 млрд теңгелік жаңа жылыжайдың бірінші кезеңі ашылды

Атырау облысында 3 млрд теңгелік жаңа жылыжайдың бірінші кезеңі ашылды, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Атырау облысында 3 млрд теңгелік жаңа жылыжайдың бірінші кезеңі ашылды
Фото: NEGE.kz

Атырау, NEGE. Жаңа жылыжай Махамбет ауданындағы Ақжайық ауылдық округінде орналасқан. Оның аумағы – 4 гектар. Жылына 1 600 тонна өнім жиналады.

"Атырау облысында бұрын-соңды болмаған жылыжай кешені ашылды. Бұл жоба Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың шағын және орта бизнесті қолдау туралы тапсырмасы аясында қолға алынды. Ең басты мақсат – азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету", - деді облыс әкімі Серік Шәпкенов.

"Жұмағалиева Н.М" шаруа қожалығы іске асырған жобаның жалпы құны 3 млрд теңгеден астам қаржыны құрайды. Қазір үш блоктан тұратын жылыжай кешенінің бірінші кезеңі іске қосылды.

"Жылыжайда кешенінде 60-тан астам адам жұмыс істейді. Оның ішінде 40-тан астам жергілікті тұрғын бар. Олар жылыжайдан жылына 900 тонна қызанақ, 700 тонна қияр жинайды. Қызанақтың голландық "Merlice" деп аталатын сорты тәулігіне 6 тонна, қиярдың голландық "Golden" сорты тәулігіне 7 тонна өнім береді. Тоғыз айда әр өскіннен тәулігіне 18 келі өнім алу жоспарладық", - дейді шаруа қожалығының жетекшісі.

Кешен жұмысы автоматтандырылған. Тамшылатып суару әдісімен тыңайтқыш ертінділер түрінде беріледі. Сондай-ақ, жылыжай кешенінің аумағын 16 гектарға ұлғайту, үй жануарларын, құс пен балық түрлерін өсіруді қолға алу жоспарланған.

Қазір оқып жатыр

100 млн теңге пара алғаны үшін бұрынғы шенеунік сотталды

Парақор шенеунік

Маңғыстаудағы сарбаздар қазасы бойынша 300-ден астам адамнан жауап алынды – Бас прокуратура

Әскерилер өлімі

Қостанайда қарт кісіні өлтірді деген күдікпен жасөспірім ұсталды

Күдікті пен полицей

Китана «Бүркіт» арнайы жасағына қабылданған алғашқы жауынгер қыз атанды

Китана – Қымбат