USD
USD
USD

Атырау облысында 29 адам сушиден уланып, ауруханаға түсті

Атырау облысына қарасты Жылыой ауданында 29 адам суши жеп уланған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Атырау облысында 29 адам сушиден уланып, ауруханаға түсті
Фото: NEGE.kz

Алматы. NEGE. Олар қазір аудандық орталық аурухананың стационар бөлімінде токсикоинфекциясы диагнозымен ем қабылдап жатыр. Уланғандардың сөзінше, олардың барлығы аудан орталығы Құлсары қаласындағы дәмханалардың біріне сушиге тапсырыс берген. Кейін науқастардың бәрінде бірдей жүрек айну, диарея, құсу, дене қызуы және әлсіздік байқалыпты. Қазір дәмханаға қатысты тергеу жұмыстары жүріп жатыр.

Нұргүл Ысмағұлова, облыстық денсаулық сақтау басқармасының ресми өкілі:

- Қазіргі таңда науқастардың барлығына ем-шаралар жалғасуда. Аталған факт бойынша құқық қорғау органдары және санитарлық-эпидемиологиялық басқарманың мамандары тергеу жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Қазір оқып жатыр

Air Astana Алматы–Токио бағытында тіке әуе рейсін ашады

Ұшақ

Жалақы кешіктірілсе, жұмыс берушіден ақшаны өсімпұлмен қалай өндіруге болады?

Тиын мен әмиян

«Вашингтон моделі» БҰҰ аясындағы халықаралық келісімге негіз болуға лайық – Тоқаев

Жасанды интеллектіні дамыту жөніндегі кеңес отырысы

Тұңғыш алтын: таеквондошы Тамирлан Тілеулес Азиадада тарихи жеңіске жетті

Тамирлан Тілеулес