USD
USD
USD

Атырау облысы «жасыл» аймаққа шықты

Денсаулық сақтау министрлігі 10 ақпандағы эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасын жариялады.

Атырау облысы «жасыл» аймаққа шықты
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. 10 ақпандағы эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасына сәйкес, Қазақстанның екі облысы мен бір қаласы әлі де «қызыл» аймақта тұр. Олар: Ақмола, Павлодар облысы мен Нұр-Сұлтан қаласы.

«Сары» аймақта Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан облыстары бар. Бұған дейін осы облыстармен қатар тұрған Атырау өңірі «жасыл» аймаққа шықты. Қалған өңірлердің бәрі «жасыл» аймақта. Жалпы Қазақстан коронавирустың таралу қаупі жағынан «жасыл» аймақта тұр.

Еске салсақ, бұған дейін ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Ерлан Қиясовтың карантин шараларын жеңілдету туралы жаңа қаулысы жарияланған болатын. Қаулы ережелеріне сәйкес, «жасыл» аймақтағы өңірлерде мешіттерге жұрттың жиналуына, сонымен қатар мектеп асханаларының жұмысына рұқсат берілді.

Қазір оқып жатыр

Түркістан облысында екі көпірді су шайып кетті

.

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды

жаппай тобелес

Трамптың ұлдары Қазақстандағы вольфрам жобасына қаржы құйды

Трамп ұлдары

Мәсімовтің бұрынғы күйеу баласы қос азаматтығы болғанын мойындады

Азамат Капенов