USD
USD
USD

Атырау облысы әкімінің бұрынғы бірінші орынбасары 10 жылға сотталды

Атырау облысы әкімінің бұрынғы бірінші орынбасары 10 жылға сотталды.

Атырау облысы әкімінің бұрынғы бірінші орынбасары 10 жылға сотталды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Бүгін Атырау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында облыс әкімінің бұрынғы бірінші орынбасары Нұрлан Таубаев пен облыстық құрылыс басқармасының басшысы Тимур Басаровты айыптау бойынша қылмыстық іс қаралды.

«2020 жылдың шілде айында Атырау облысының әкімдігімен Жылыой ауданының Құлсары қаласында аурухана салу туралы шешім қабылданды. Құрылыс жұмыстарын «БКК» ЖШС орындаған. Сотталушы Нұрлан Таубаев облыс әкімінің орынбасары бола тұра және құрылыс саласына жетекшілік ете отырып, «БКК» ЖШС директорының орынбасарынан келісімшарт сомасының 10% мөлшерінде пара талап еткен. Кейін сотталушы Тимур Басаровтның (құрылыс басқармасының басшысы) қатысуымен пара сомасы 7%-ға, 185 500 000 теңге мөлшерінде келісілген. Нұрлан Таубаев сотталушы Тимур Басаровқа ақша қаражатын алып келуді тапсырған. Содан кейін Тимур Басаров жәбірленушіден 185 730 004 теңге (423 900 АҚШ доллары және 5 000 000 теңге) мөлшерінде пара алған. Пара беру барысында Тимур Басаров сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттіктің қызметкерлерімен ұсталған», – деп хабарлады облыстық соттың баспасөз қызметі.

Сот талқылауы кезінде көрсетілген мән-жайлар мен сотталушылардың кінәсі сотталушы Тимур Басаровтың кінәсін толық мойындау жауабымен, жәбірленушінің, куәлардың айғақтарымен, оқиға болған жерді қарау хаттамаларымен, жеке тінтумен, Whatsapp мессенджеріндегі хат алмасумен, бақылау камераларының бейнежазбасымен, АЖІШ және ЖТӘ нәтижелерімен, сараптама қорытындыларымен өз дәлелін тапқан.

«Сот сотталушы Нұрлан Таубаевты ҚР Қылмыстық кодексінің 24-бабының 3-бөлігі, 366-бабының 4-бөлігімен (мемлекеттік қызметті атқаратын лауазымды адамның қорқытып алу жолымен адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен аса ірі мөлшерде пара алуға оқталуы), Б.-ны ҚК-тің 28-бабының 5-бөлігі, 24-бабының 3-бөлігі, 366-бабының 4-бөлігімен (аталған іс-әрекеттерге көмектесу) кінәлі деп таныды. Оның қабылдаған антты бұзу арқылы қылмыс жасағанын жазаны ауырлататын жағдай ретінде танылып отыр», – деп мәлім етті баспасөз қызметінен.

Сот үкімімен Нұрлан Таубаевқа 10 (он) жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Сотталушы Тимур Басаровқа жазаны ауырлататын мән-жайлар мен заң талаптарының (жаза 8 жыл 5 айдан аспайды) болмауы ескеріле отырып, ҚР Қылмыстық кодексінің 55-бабының 4-бөлігі қолданылып, 5 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Екі сотталушы да өмір бойы мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан айырылды. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Қазір оқып жатыр

Рақымшылық аясында кімнің айыппұлы кешірілмейді: Кірістер комитеті нақтылады

рақымшылық

«30 жылдық тарихи миссиясын аяқтады»: Астанада Сенаттың соңғы отырысы өтті

Сенат

Ресейдегі жанармай тапшылығы: тасымалдаушылар Қазақстан бағытын қарастырып жатыр

Жүк тасымалдаушылар

«VIP-клиенттерге есірткі әзірлеген»: Алматы облысында қылмыстық смеха әшкереленді

есірткі