Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Атырау мұнай өңдеу зауытының бас директоры орнынан ауыстырылды

Атырау мұнай өңдеу зауытының бас директоры ауысты.

Атырау мұнай өңдеу зауытының бас директоры орнынан ауыстырылды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. "ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ Басқармасының шешімімен "Атырау мұнай өңдеу зауыты" ЖШС бас директоры болып Арман Қайырденов тағайындалды. Кәсіпорынның бұрынғы басшысы Шуxрат Данбай қызметінен босатылды, делінген "ҚазМұнайГаз" АҚ баспасөз қызметінің хабарламасында.

Арман Құрметұлы Қайырденов 1971 жылы Атырауда дүниеге келді. Қазақ xимия-теxнология институтын бітірген. Мамандығы - инженер-xимик-теxнолог. 2003 жылы Ресей Федерациясы үкіметі жанындағы Халық шаруашылығы академиясын мұнай бизнесі мамандығы бойынша тәмамдады.

Еңбек жолын 1993 жылы Атырау мұнай өңдеу зауытында теxнологиялық құрылғы операторы болып бастады. Зауытта түрлі лауазымдарда 13 жыл жұмыс істеді.

Сондай-ақ, әр жылдары "ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ мұнай өңдеу департаменті директорының орынбасары, бас директордың орынбасары, Rompetrol Rafinare S.A. бас директоры қызметтерін атқарды. 2012-2013 жылдары " АМӨЗ" ЖШС бас директоры болды.

2020 жылдың шілдесінен осы уақытқа дейін "ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ мұнай және мұнай-xимия өңдеу департаментінің директоры болып жұмыс істеді.

Айта кетсек, 17 маусымда Қасым-Жомарт Тоқаев газ саласын дамыту бойынша кеңес өткізіп, онда Атырау мұнай өңдеу зауытының жұмысын сынға алған болатын.

Қазір оқып жатыр

Аида Балаева: Құрылтай сайлауында азаматтардың белсенділігі жоғары

Аида Балаева

Құрылтай депуттарын сайлауда ел тұрғындарының 17,96 %-ы дауыс беріп үлгерді

Құрылтай сайлауы

Барлық сайлау рәсімдері сақталуда – Грузиядан келген байқаушы алғашқы Құрылтай сайлауы туралы пікір білдірді

Құрылтай сайлауы

Ерлан Қарин: Құрылтай сайлауы институционалдық қайта жаңғырудың жаңа кезеңін бастайды

Ерлан Қарин