USD
USD
USD

Атырау: Құрылғыны робот алмастырды

Атырау №4 қалалық емханағы келушілердің қызуын робот тексереді.

Атырау: Құрылғыны робот алмастырды
Фото: NEGE.kz

Алаты, NEGE. Облыстық Денсаулық сақтау басқармасының ақпаратына қарағанда, бұдан былай емханаға келушілерді медицина қызметкері емес, робот құрылғысы қарсы алады. Ол келушілердің дене қызуын тексереді. Медициналық масканы дұрыс тақпаған адамға ескерту жасайды.

«Дене қызуын өлшейтін робот құрылғы еліміз бойынша алғаш рет пилоттық жүйе ретінде Атырау облысында іске қосылып отыр. Бұрын әлемдік тәжірибеде сыналған робот құрылғының тиімді тұстары көп. Медицина қызметкері уақытын үнемдейді әрі науқастармен байланыс жасаған кезде ара-қашықтықты сақтайды. Емхана қызметкері енді робот көрсеткен мониторды ғана бақылап отырады. Өйткені, «ақылды» техника ғимаратқа дене қызуымен келген науқасты бірден анықтайды. Монитор бетіне сол адамның суретін көрсетіп, қызыл түспен ерекшелейді. Ал маскасыз немесе оны дұрыс тақпаған күйі ішке енсе, оның суретін сары түске бояп, дабыл қағады. Дауыстап ескерту жасайды», – дейді Атырау қалалық №4 емханасының бас дәрігері Меруерт Өтеғалиева.

Қазір оқып жатыр

Қазақстандық ғалым беделді халықаралық сыйлыққа ие болды

Әсел Шәрімова

Temu мен Shein киімдері Еуропадағы қоқыс контейнерлерін толтырып жатыр

Temu

Ұлттық кітап күні Жетісуда челлендж, буккроссинг, саяхат сабағы, дефиле және басқа да заманауи форматта өтуде

жетісу

Астанада мас күйде көлік жүргізген Бас прокуратура қызметкері қамауға алынбаған

мас күйде көлік жүргізу