USD
USD
USD

Атырау: Күйік шалған 6 бала қайтыс болды

Атырауда жыл басынан бері күйік шалған 6 бала қайтыс болды.

Атырау: Күйік шалған 6 бала қайтыс болды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Атырау облыстық балалар ауруханасы директорының орынбасары Орындық Сиплованың айтуынша, биыл балалар арасында күйік шалу дерегі көбейген.

«Былтырғы 4 айда 137 баланы күйік шалған болатын. Олардың арасынан бірде-бір бала қайтыс болмаған еді. Ал, биылғы қаңтар-сәуір айларында күйік шалған 185 дерек тіркелді. Оның ішінде 6 бала қайтыс болды. Өткен жылғы 4 айда ауруханаға химиялық күйік алған балалар түспеген еді. Биылғы осы кезеңде осындай жарақатпен 9 бала түсті. Былтыр 50 бала термиялық күйікпен аурухана дәрігерлеріне жүгінсе, биыл олардың саны 88-ге жетті. Балаларды күйік шалудың басты себебі – ата-аналардың балаларының әрекетіне немқұрайлық танытуы», – дейді аурухана директорының орынбасары Орындық Сиплова.

Балалар ауруханасы жансақтау бөлімінің аға медбикесі Қымбат Дүйсенғалиеваның пікірінше, мұндай оқыс оқиға ата-аналардың телефонға алаңдауына туындап отыр. Өйткені, ата-аналар телефон қоңырауына жауап беру, WhatsApp мессенджеріне хабарлама жазу кезінде балаларын қараусыз қалдырады.

Қазір оқып жатыр

Атырау мұнай өңдеу зауыты аумағында өрт шықты

Атырау мұнай өңдеу зауыты

Арменияның бұрынғы президенті мен оның ұлы ұсталды

Роберт Кочарян

Көлік жүргізушілерінің шағымынан кейін Павлодардағы бензин сапасы тексеріліп жатыр

Бензин, дизель

Алматыдағы блэкаут: Бектенов оңтүстік өңірлерді электр энергиясымен қамтуды күшейтуді тапсырды

электр