USD
USD
USD

Атырау көшелерінің бірі 6 жолаққа дейін кеңейтілді

Атырау облысы полиция Департаментімен облыс аумағында  жол-көлік оқиғаларының алдын- алу, жол қозғалысын ұйымдастыру бойынша  жергілікті атқарушы органдарға берілген ұсыныстар облыс, қала әкімдіктерімен қолдау табуда.

Атырау көшелерінің бірі 6 жолаққа дейін кеңейтілді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Атырау қаласының Еркінов-Амандосов көше қиылысынан бастап, Амандосов-Берғалиев көшелері қиылысына дейін  көлік жолдары  жөнделуде, яғни аталған учаскеде жолдарды жөндеу, кеңейту  жұмыстары жүргізілуде.

Сонымен қатар, қазіргі уақытта Атырау қаласындағы Бейбарыс, Маденов, Ғабдиев көшелерін де кеңейту  жұмыстары жүргізілуде. 

«Полиция департаментімен қойылатын басты талап –  жолдардың енінің төрт , алты жолақты болуы және ені 15 метрден кем болмауы керек. Ішкі істер министрі Е.Тұрғымбаевтың  нұсқауы бойынша, жолдардың жобалау құжаттарында,  оңжақты қозғалыс болуы, яғни бағдаршамның тыйым салынған қызыл жарығына автокөліктердің   тоқтамай,  бұрылып кетуіне басты назар аударылады.

Қазіргі уақытта қаладағы Берғалиев- Амандосов көшелерінің қиылысында орналасқан жолдар күрделі жөндеуден өтіп, пайданылуға берілуде. Осыған дейін, бұл жерде көлік кептелісінен қиындықтар туындайтын, өйткені бұл жер – облыс орталығындағы үлкен жол айрығының бірі.

«Жоба шеңберінде автокөлік жолы 6 жолаққа дейін кеңейтіліп, бағдаршамға бағынбайтын оң жақты бұрылыс пайда болды. Бағдаршамның  қызыл жарығынан оң жаққа көліктер тоқтаусыз  өтетін болды. Осы қондырғылардың бірден-бір көмегі бұл жерде жол кептелісі  айтарлықтай азаяды», – деді департамент бастығы полиция полковнигі Қамза Үмбетқалиев.  

Облыс полицейлерінің ұсынысы негізінде, қалада барлығы 177 жол белгісі, 179 көше шамы орнатылатын болады.

Қазір оқып жатыр

Маңғыстау облысында тағы бір әскери қызметші қаза тапқаны рас па?

сот үкімі

Үндістанда кәмелетке толмаған спортшының арызынан кейін қазақстандық жаттықтырушы іздестірілуде

Мақсат Аязбаев

«Әрбір сарбаз өзін қауіпсіз сезінуі керек»: Қорғаныс министрлігінің жаңа басшысы алғашқы кеңесте не айтты?

Қорғаныс министрі Айдос Мырзахметов

TikTok-та қаза болған сарбаздар туралы жағымсыз пікір айтқан жігіт 10 тәулікке қамалды

Нұрахмет Бердібай