USD
USD
USD

Атырау қаласының бұрынғы әкімі екі ай қамауда отырады

«Атырау қаласының мамандандырылған тергеу сотының қаулысымен Қайрат Оразбаевқа қатысты екі ай мерзімге күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы санкцияланды», - деп хабарлады облыстық соттың баспасөз қызметі.

Атырау қаласының бұрынғы әкімі екі ай қамауда отырады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Атырау қаласының бұрынғы әкімі Қайрат Оразбаев қамауға алынған еді. Облыстық прокуратураның баспасөз қызметінен мәлім еткендей, Атырау қалалық әкімдігінің лауазымды тұлғаларына қатысты алаяқтық белгілерімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.

«2020-2022 жылдар кезеңінде әкімдіктің лауазымды тұлғалары жеке тұрғын үй құрылыстары үшін рекреациялық аймақтарға, оның ішінде жасыл желек аймақтары, саябақтар, скверлер, жағалаулар және тағы басқа санатқа жататын жер учаскелерін заңсыз бергені анықталды. Осыған байланысты ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы 4-бөлігінің 2-тармағында көзделген қылмыстық құқық бұзушылық жасады деген күдік бойынша тергеу шеңберінде Атырау қаласының экс-әкімі Қайрат Оразбаев ұсталды», - деп мәлім етті прокуратураның баспасөз қызметінен.

Қазір оқып жатыр

Оңтүстік Кореяда Alatau City-де ірі жобаларды іске асыру мүмкіндігі талқыланды

Alatau City бойынша келіссөздер

«Біз одан шарап ішеміз»: Кенесарының бас сүйегі туралы айтқан қырғыз студенттері кешірім сұрады

Қырғызстандық студенттер

Жанжал кезінде газ тапаншасынан оқ атқан Астана тұрғыны 5 жылға сотталды

тапанша

Іле-Балқаш резерватына бір үйір құлан жіберілді

Іле-Балқаш резерватына жіберілген құландар