Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Атырау: Денсаулық сақтау басқармасына басшы тағайындалды

Атырау облыстық Денсаулық сақтау басқармасының басшысы болып Асхан Байдуәлиев тағайындалды.

Атырау: Денсаулық сақтау басқармасына басшы тағайындалды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Асхан Мархабайұлының мамандығы – дәрігер-уролог, медицина ғылымдарының кандидаты.

С.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетін бітірген.

Еңбек жолын аталған университеттің урология және жедел нефрология кафедрасында ассистент болып бастаған.

Әр жылдары Алматы облысындағы Қарасай аудандық емханасының директоры, Алматы облыстық денсаулық сақтау басқармасының, С.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті қосымша кәсіби білім орталығының басшысы қызметін атқарған.

Сондай-ақ, С.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті клиникалық жұмыстар жөніндегі департаментінің директоры, Шымкент қалалық денсаулық сақтау басқармасының басшысы болып жұмыс істеген.

Осы тағайындауға дейін Атырау облыстық Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары, басшысының міндетін атқарушы болды.

Қазір оқып жатыр

Жемқорлық туралы хабарлаған қазақстандықтарға 17,3 млн теңгеге дейін сыйақы берілмек

сыйақы

«Самұрық-Қазына» ERG арқылы табыс табуы мүмкін – сарапшы

ERG

210 шақырымнан астам жол артта қалды: Қарағанды Меңдібай ағаның жаңа Құрылтайға бастар жолын қолдады

Меңдібай ағаның парақшасындағы бейнежазбадан алынған кадрлар

3 млрд теңге залал келген: Астанада жоқ пәтерлерді сатқан төрт адам сотталды

кісі өлімі