USD
USD
USD

Атырау әуежайы Хиуаз Доспанова есімімен аталады

 Атырау халықаралық әуежайына Хиуаз Доспанованың есімімен аталмақ. Бұл туралы электронды үкімет порталында хабарланды.

Атырау әуежайы Хиуаз Доспанова есімімен аталады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE.  «Атырау халықаралық әуежайы» акционерлік қоғамына Хиуаз Доспанованың есімі берілсін», – делінген 25 желтоқсанға дейін талқылау үшін жарияланған үкімет қаулысы жобасының мәтінінде. Хиуаз Доспанова (1922-2008) - Ұлы Отан соғысының жалғыз ұшқыш-қазақ, штурман-атқыш. Қазақстан Республикасының Халық қаһарманы. 1922 жылы 15 мамырда Гурьев (Атырау) облысы Ганюшкино ауылында дүниеге келген. 1940 жылы Орал қаласындағы № 1 орта мектепті алтын медальмен бітірді. Мектепте ол жергілікті аэроклубқа барып, аттестатпен бірге запастағы ұшқыш куәлігін алды. Оның есімі Air Astana әуекомпаниясының Embraer 190 лайнеріне берілді.

Қазір оқып жатыр

Шұжықта не барын ДНҚ арқылы анықтайтын тест әзірленді

баға

«Қызыл кітаптағы өсімдіктерге зиян тимейді»: Көкжайлаудағы SuperSki жобасы туралы не белгілі?

Almaty Superski

Депутат Ерлан Сайыр Моральдық кодекс әзірлеуді ұсынды

Ерлан Сайыров

«Asar Baspana» қаржы пирамидасының ұйымдастырушылары сотталды

рақымшылық