USD
USD
USD

Атырау тұрғыны сібір жарасын жұқтырды деген күдікпен ауруханаға түсті

Атырауда "Асыл-Агро" шаруа қожалығының мал сою цехында өлген малдан сібір жарасы анықталғаннан кейін карантин енгізілді. Ауру жұқтырған малға қатысы болған 17 адам анықталды. Солардың бірінде дене қызуы көтеріліп, ол ауруханаға жатқызылған, деп хабарлады AtyrauPress.

жәрдем
Фото: Halyq Uni

Алматы, NEGE. Сібір жарасынан өлген сиырға қатысы болған 17 тұрғын карантинге алынды. Олардың бірі 22 қарашада таңертең дене қызуының 37,5-ке көтерілуіне байланысты облыстық №2 ауруханаға жеткізілді.

Басылым мәліметінше, облыстық Денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Әльмира Сабырғалиеваның айтуынша, 20 қарашада 17 адам бақылауға алынған.

"Олардың талдау нәтижелері әлі дайын емес. Қызуы көтерілген науқастың жағдайы қанағаттанарлық. Тексеру үшін сынамалар алынды, нәтижелері ертең дайын болады. Сібір жарасы адамнан адамға жұқпайды", - деп сендірді Денсаулық сақтау басқармасының өкілі.

Ветеринарлық зертхана жиналған материалдарға зерттеу жүргізген. Бактериологиялық зерттеулердің нәтижелері жақын арада белгілі болады.

Инфекцияның таралуын болдырмау мақсатында Ақтөбеден эпизоотикалық топ келіп, базарларда дезинфекция жұмыстарын жүргізе бастағаны айтылды.

Қазір оқып жатыр

Алматыда 27 ретсіз сауда ошағы жойылды

Ретсіз сауда

Әл-Фарабидегі апат: қаза болған қыздың әкесі Александр Пакке кешірм бермейтінін мәлімдеді

жол апаты

Қазақстанда 20 маусымда жоғары оқу орындарына құжат қабылдау басталады

жоо-ға құжат қабылдау

Блогер Жанабыловтардан тәркіленген көліктер саудаға шығарылды

Көлік