USD
USD
USD

Атырау тұрғындары қаладағы ауа сапасына шағымданды: экологтар тексеру жүргізді

Атырау облысы бойынша экология департаментінің мамандары қаладағы атмосфералық ауа сапасына мониторинг жүргізді.

Атырау
Фото: primeminister.kz

Астана, NEGE. Бұған қала тұрғындарынан келіп түскен шағым себеп болған.

Сынама алу жұмыстары Авангард мөлтек ауданында, Жеңіс саябағы аумағында, «Атырау мұнай өңдеу зауыты» ЖШС-нің санитарлық қорғау аймағынан тыс жерден Мирный және Пропарка ауа сапасын бақылау станцияларының маңында жүргізілді.

Сынама алу барысында атмосфералық ауадан күкірсутек (H2S), метан (CH4), көміртек монооксиді (CO) азот диоксиді (NO2) және күкірт диоксиді (SO2) сияқты ластаушы ингредиенттеріне талдау жүргізген.

Сол сәтте желдің бағыты оңтүстік батыстан, жылдамдығы 6 м/с. Ауа температурасы +29С болды. 

Мамандар мониторинг нәтижесінде атмосфералық ауада зиянды заттардың рұқсат етілген шекті шоғырланудан асу фактілері анықталмағанын мәлімдеді.

Дегенмен жергілікті халық жағымсыз иіс пен жайсыздыққа жиі шағымданады. Бұған дейін Атыраудағы экологиялық жағдайдың тұрғындарға қалай әсер етіп жатқанын жазғанбыз. 

Атап айтқанда, 2024 жылғы деректер бойынша өңірдегі қала халқының арасында қан айналым жүйесі ауруларының 100 мың тұрғынға шаққандағы көрсеткіші 4 093,5 болған. Республикадағы орташа көрсеткіш – 2 972,2.

Қан қысымының артуымен сипатталатын аурулардың көрсеткіші (100 мың тұрғынға шаққанда) 1 860,4 болса, республика бойынша – 1 286,7.

Қан және қантамыр аурулары республика бойынша 864,4 деңгейінде болса, Атырау облысының қалаларында – 2 143,2.

Тыныс алу жүйесінің созылмалы аурулары да жоғары деңгейде қалып отыр. Мысалы, созылмалы бронхит пен эмфизема Атырау облысының қала халқында 302,8 деңгейінде тіркелген, ал республика бойынша – 259,2.

Қазір оқып жатыр

Жетісуда еңбек өтілі 20 жылдан асатын шенеунік құмар ойын үшін жұмыстан босатылды

Шенеунік

14 қыркүйектен бастап тұрғын үй кезегіндегі азаматтардың деректері тексерілмек

Отбасы банк

Тоқаев қазан айында Қазақстан халқына Жолдау жасайды

Қасым-Жомарт Тоқаев

«Дұғам қабыл болды»: Бақытжан Базарбек жол апатында зардап шеккен жігіттің қазіргі жағдайын айтты

Базарбек қатысқан жол апатында зардап шеккен адам есін жиды