USD
USD
USD

Атырау облысындағы Жем өзенінде су деңгейі төмендей бастады

Вице-премьер, Су тасқынына қарсы іс-шараларды үйлестіру және су тасқыны кезеңінің салдарын жою жөніндегі республикалық штаб меңгерушісінің орынбасары Қанат Бозымбаев Атырау облысында жұмысын жалғастыруда.

ТЖМ
Фото: Үкімет

Алматы, NEGE. Бүгін өңір басшысымен бірге жағдайды тексеру үшін Құлсары қаласынан Ақтөбе облысының шекарасына дейінгі аумақтың үстімен ұшып өтті. Су бекеттеріндегі мәлімет бойынша, Жем өзенінде су деңгейі төмендеген, Жылыой ауданы мен Құлсары қаласын су басқан.

Вице-премьер қорғаныс құрылыстары мен үйінді бөгеттерді аралап, тексерді.

Бозымбаев
Фото: Үкімет

Сонымен қатар Құлсары қаласының тұрғындарымен кездесті. Ол су тасқынына қарсы іс-шаралар жоспары, қалпына келтіру жұмыстарының басталуы туралы айтты, сондай-ақ апат салдарынан келтірілген залалды өтеу үшін өтемақы төлемдерінің алгоритімін түсіндірді.

Мыңдаған қазақстандық Құлсары тұрғындарының қайғысына үн қосты. Гуманитарлық көмек тарату бекетінде бірнеше ондаған тонна азық-түлік, киім-кешек, жалпы тұтыну тауарлары жиналды.

Бозымбаев
Фото: Үкімет

Қанат Бозымбаев гуманитарлық көмек беру барысында ашықтықты қамтамасыз етіп, қоғамдық бақылауды күшейтуді тапсырды.

Қазір оқып жатыр

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды

жаппай тобелес

Трамптың ұлдары Қазақстандағы вольфрам жобасына қаржы құйды

Трамп ұлдары

Мәсімовтің бұрынғы күйеу баласы қос азаматтығы болғанын мойындады

Азамат Капенов

Вьетнамда ұсталған блогер Қайсар Қамза көшеде еркін қозғалып жүр

Қайсар Хамза