USD
USD
USD

Атырау облысындағы отбасы қазасы: прокурор оқиғаның мән-жайын айтып берді

Атырауда бір отбасының төрт адамын өлтірді деп айыпталған Сұлтан Сәрсемәлиевке қатысты өтіп жатқан сот процесінде прокурор Мирас Бауыржанов айыптау актісін оқыды.

отбасы қазасы
Фото: Ішкі істер министрлігі

Астана, NEGE. Тергеу деректеріне сәйкес, Сұлтан Сәрсемәлиев пен Ақбаян Мұқанғалиеваның отбасындағы жанжал қанды қылмысқа дейін басталған, екеуі 2022 жылы ресми түрде ажырасып кеткенімен, бірге тұрып келген.

Прокурордың мәлімдеуінше, Сәрсемәлиев 2025 жылғы наурызда әйелінің інісі Наурыз Мұқанғалиевті өлтірген. Екеуінің арасында жанжал шығып, Сәрсемәлиев балдызына бірнеше рет пышақ жарақатын салған.

Айыпталушы қылмыстың ізін жасыру үшін ауладан шұңқыр қазып, мәйітті кілемге орап, түнде көміп тастаған. Сондай-ақ айыптау тарабының мәліметінше, ол марқұмның телефонын алып, одан 3 мың теңге қолма-қол ақша шешіп алған.

Прокурордың дерегінше, кейін мамыр айында қаза тапқан адамның атына банк қосымшасы арқылы 4 миллион теңге несие рәсімделген. Тергеу нұсқасына сәйкес, айыпталушы 2025 жылдың тамыз, қазан және желтоқсан айларында да қаржылық операцияларды жалғастырған. Кейінгі операциялардың жалпы сомасы шамамен 500 мың теңге болған.

Сәрсемәлиев, айыптау актісіне сәйкес, әйелінің ата-анасы Мақсот Қарабалин мен Насипа Өтешқалиеваны өлтіруді алдын ала жоспарлаған. Айыптау мәліметінше, алдымен ол жазғы сарайға шаруаларымен кірген әйелінің анасы Насипаны пышақтаған. Кейін сарайға келген қайын атасын өлтірген. Осыдан кейін шұңқыр қазып, мәйіттерді сол шұңқырға көміп тастаған.

Одан кейін ол әйелінің әпкесі Мирамгүл Қарабалинаны таксимен «Мұнайшы» ықшамауданындағы жалдамалы үйіне алып барған. Сол жерде әйелді өлтіріп, денесін ауладағы Наурыз Мұқанғалиев жерленген шұңқырға көмген.

Сотта Сәрсемәлиев қылмыстық әрекетін «өзіне, отбасын ажыратуға жасалған қысастыққа қасақана жасалған әрекет» ретінде түсіндірді, кінәсін мойындайтынын жеткізді.

Айта кетейік, 18 мамырда Атырауда бұрынғы әйелінің төрт туысын өлтірді деп айыпталған Сұлтан Сәрсемәлиевке қатысты сот процесі басталды. Оған Қылмыстық кодекстің «Екі және одан да көп адамды өлтіру», «Ұрлық», «Алаяқтық», «Құжаттарды заңсыз алу» баптары бойынша айып тағылып отыр.

Қазір оқып жатыр

Курчатов қаласында балабақшаның 75 қызметкерінің жеке дерегі тарап кеткен

жеке дерек

Қасым-Жомарт Тоқаев Олжас Сүлейменовті 90 жас мерейтойымен құттықтады

Дархан Сатыбалды, Олжас Сүлейменов

20 мамырда Парламент Палаталарының бірлескен отырысы өтеді

Парламент

Астанадан үш есе қалып қойды. Айдын Рахымбаев үшін Алматы НЕГЕ қызық емес?

.