Референдум Референдум
10 Наурыз 09:41
...

Атырау облысындағы қанды қылмыс: тағы екі адамның мәйіті табылды

Атырау облысында жоғалғандар
Фото: Атырау облыстық полиция департаменті

Атырау қаласының маңындағы Геолог ауданынан Жангелдин ауылының хабар-ошарсыз кеткен тұрғындары – Наурыз бен Мирамгүлдің мәйіттері табылды.

Референдум

Астана, NEGE. Екі адамның мәйіті бұған дейін күдікті Сұлтан Сәрсемәлиевтің жұбайымен бірге жалдап тұрған үйдің ауласынан табылды, деп жазады «Ақ Жайық» басылымы. Сәрсемәлиев оларды өлтіргенін мойындаған.

Бұған дейін Индонезияда ұсталған Сәрсемәлиев жұбайы Ақбаян Мұқанғалиевамен бірге 9 наурызда Атырауға жеткізілді.

Күдікті қылмысын мойындағаннан кейін мәйіттердің қай жерде көмілгенін көрсеткен. Жедел қызметкерлер оның айтқан жері – бұрын жалдап тұрған үйінің ауласын тексеріп, адам сүйектерін тапты.

Күдіктілер 24 ақпанда Индонезияның Ломбок аралында ұсталды. Операцияны Интерполдың Индонезиядағы Ұлттық орталық бюросы, Солтүстік Ломбок полициясы және иммиграциялық қызметтің бірлескен тобы жүргізген.

Айта кетейік, өткен жылы 25 желтоқсанда Атырау қаласының тұрғыны полицияға арызданып, ағасы мен оның отбасы мүшелерінің бір айдан астам уақыт бойы байланысқа шықпағанын айтып, арызданған. Бұл дерек бойынша Қылмыстық кодекстің «Адам өлтіру» бабы бойынша іс қозғалды.

6 қаңтарда Атырау облысында хабар-ошарсыз кеткен ерлі-зайыпты – 1959 жылы туған Мақсот Қарабалин мен 1961 жылы туған Насипа Өтешқалиеваның мәйіттері ауылдағы үйінің сарайынан табылғаны хабарланды. Екі адамның өліміне отбасының күйеу баласы Сұлтан Сәрсемәлиев күдікті деп танылып, оған іздеу жарияланды.

Референдум