USD
USD
USD

Атырау облысында жоғалған аңшының мәйіті табылды

Атырау облысында бірнеше күн бойы іздеуде болған азаматтың мәйіті табылды.

Отбасылық архивтен
Фото: Отбасылық архивтен

Астана, NEGE. Атырау облысы ТЖД 5 күн бұрын жоғалып кеткен 1964 жылы туған Өтебай Сабировты іздеу жұмыстары аяқталғанын хабарлады. 19 желтоқсан күні сағат 15:10 шамасында іздестіру тобы Каспий теңізі жағалауына жақын орналасқан «Ботахан» кен орнынан оның мәйітін тапты.

Аңшы 14 желтоқсан күні аң аулауға шығып, содан бері хабар-ошарсыз кеткен.

«Төтенше жағдайлар департаментіне хабар түскен сәттен бастап іздеу-құтқару жұмыстары жедел басталды. 16 желтоқсан күні «Ботахан» кен орнынан 30 шақырым қашықтықта УАЗ маркалы автокөлік табылғанымен, көлік ішінде жоғалған азамат болмаған. Кейін әуеден барлау жүргізу үшін Төтенше жағдайлар министрлігінің тікұшағы тартылып, 20 шақырым радиуста аумақ тексерілді», – деп хабарлады облыстық ТЖД өкілдері.

Іздеу жұмыстары төрт тәулік бойы үздіксіз жүргізілді. Оған Атырау облысы төтенше жағдайлар департаментінің күштері мен құралдары, әскерилер мен полицейлер, сондай-ақ марқұмның туыстары қатысқан. Іздеу жұмыстарына барлығы 100 адам, 21 техника, 2 кинологиялық есептоп және 3 ұшқышсыз ұшу аппараты жұмылдырылған.

Айта кетейік, Өтебай Сабировтың достарымен аң аулауға шығып, хабар-ошарсыз кеткенін желіде туыстары хабарлаған еді.

Қазір оқып жатыр

Қарағанды облысында бес жерде табиғи өрт сөндірілуде

Қарағанды облысындағы өрт аумағы

Жетісуда еңбек өтілі 20 жылдан асатын шенеунік құмар ойын үшін жұмыстан босатылды

Шенеунік

14 қыркүйектен бастап тұрғын үй кезегіндегі азаматтардың деректері тексерілмек

Отбасы банк

Тоқаев қазан айында Қазақстан халқына Жолдау жасайды

Қасым-Жомарт Тоқаев