USD
USD
USD

Атырау облысында тасқын аумақтарындағы оқушылар емтиханнан босатылды

Тасқын жағдайына байланысты, Оқу ағарту министрлігінің шешімімен, аралық және қорытынды атестаттаудан Махамбет ауданындағы барлық мектептер, Жылыой ауданындағы тасқыннан зардап шеккен № 5, 8, 19, 6 мектептердің 5-11 сынып оқушылары босатылып отыр.

Мектеп, білім ордасы
Фото: Фото: из открытых источников

Алматы, NEGE. "Атырау облысы бойынша, 6376 оқушы аралық және қорытынды атестаттау тапсырмайды. Олардың қатарында Жылыой ауданындағы № 5, 8, 19, 6 мектеп және Махамбет ауданындағы 16 мектептің білім алушылары бар. Оқушылардың қорытынды бағасы жылдық бағалары негізінде шығарылады. Алайда, 11 сынып оқушылары ҰБТ тапсырады. 9 сынып бітіргеннен кейін оқушылар арасында колледждерге оқуын жалғастыруға ниеттілер болса, шәкірттер колледждерде қабылдау емтихандарын тапсырады", - деді Атырау облысы білім беру басқармасының мектепке дейінгі және орта білім беру бөлімінің бас маманы Дина Стамғали.

Еске сала кетелік, биылғы оқу жылын Атырау облысында 204 мектепте 148 683 оқушы аяқтап отыр. Оның ішінде, 9 сыныптарда 12 700 оқушы, 11 сыныптарда 6000-ға жуық оқушы бар.

Қазір оқып жатыр

«Ғалымдар жаппай қуылды» деген ақпарат шындыққа жанаса ма? Ясауи университеті жауап берді

.

2 млрд теңге табыс тапқан: Алматыда Kizdar.net сайтын құрушылар қамауға алынды

Кісен

АҚШ-та жоғалып кеткен қазақстандық жігітке қатысты тың ақпарат айтылды

Әсет Құралбай

Samruk-Kazyna Construction еншілес компаниясын 228,8 млн теңгеге сатпақ

.