USD
USD
USD

Атырау облысында ірі қара мал қырылып жатыр: шаруалар дабыл қақты

Атырау облысы Мақат кентінің маңындағы «Білеулі ата» учаскесінде ірі қара мал қырылып жатыр. Жергілікті малшы он бас мал өлгенін айтса, облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы әзірге екі жағдайды ғана растаған.

Ірі қара қырылуы
Фото: Видеодан скриншот/ «Ақ Жайық» басылымы

Астана, NEGE. Жергілікті тұрғындардың малын бағатын Назбек Тастеміров «Ақ Жайық» басылымына берген мәліметінше, жануарлар бірінен соң бірі ауырып, өле бастаған. Малшының сөзінше,  бүгінде он шақты ірі қара өлді.

«Мал жатып қалады да, артқы аяқтарынан тұра алмайды. Жануарлар шөп пен жем жеуден қалады, бірте-бірте әлсіреп, өледі», – дейді ол.

Малшының болжамынша, бұған эмкар (эмфизематозды карбункул) ауруы себеп болуы мүмкін. Тастеміров әдетте бұл ауруға қарсы екпе көктемде салынатынын, алайда биыл вакцинация салынбағанын айтты.  Оның сөзінше, малдың қырылуына байланысты ол иелеріне малын қайтаруға мәжбүр.

Ал облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Амангелді Саламат ресми түрде екі бас ірі қараның өлгені тіркелгенін хабарлады. 

Қазір малдың неден өлгенін анықтау үшін сынамалар алынып, зертханаға жіберілді. Сондай-ақ, шаруашылықтарда эмкар ауруына қарсы вакцинация жүргізіліп жатыр.

Қазір оқып жатыр

Қостанайда 5 жасар баланы өлтірді деген күдікпен ер адам ұсталды

Бала

Қайрат Сатыбалдының мемлекетке сыйға тартқан қонақүйі үш есе арзанға сатылды

DoubleTree by Hilton

Ресейлік сарапшылар мен дипломаттар Тоқаевтың Жолдауын талқылады

.

Ақтөбе облысында тоғыз күн ішінде «Қазхромның» екінші жұмысшысы қаза тапты

ТЖ