USD
USD
USD

Атырау облысында полицейлерді тепкілеген үш тұрғын сот залында қамауға алынды

Атырау облысында кассациялық сот билік өкілдеріне зорлық-зомбылық көрсеткені үшін кінәлі деп танылған Атырау облысының үш тұрғынына қатысты үкімді қатаңдатты.

блогер соты
Фото: pixabay.com

Астана, NEGE. Бас прокуратураның хабарлауынша, бұған дейін Қызылқоға аудандық соты полиция қызметкерлеріне шабуыл жасағаны үшін екі тұрғынға 4 жылға, тағы бір адамға 3 жыл 6 айға бас бостандығын шектеу жазасын тағайындаған.

Тергеудің мәліметінше, Мақат ауданында мас күйдегі бір топ ер адам шақырту бойынша келген полиция қызметкерлерін тепкілеп, ұрып-соққан. Қару ретінде ағаш таяқ пен тас пайдаланған. Салдарынан полиция қызметкерлерінің бірі орташа ауырлықтағы дене жарақатын алған.

«Кассациялық басқарма Бас прокурор орынбасарының наразылығын қарай келе, бас бостандығын шектеу түріндегі тағайындалған жаза әділ емес және жасалған қылмыстың ауырлығына сәйкес келмейді деген қорытындыға келді. Кассациялық сот сотталғандардың әрекеттері қоғамдық тәртіпті өрескел бұзып, полиция қызметкерінің қызметтік міндеттерін атқару кезінде оның денсаулығына зиян келтіргенін және осыған байланысты жоғары қоғамдық қауіп төндіретінін көрсетті», – делінген қадағалаушы орган таратқан хабарламада.

Осыған байланысты сот актілері өзгертіліп, Б. және А.-ға 4 жыл, ал Ж.-ға 3 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Сотталғандар сот залында күзетпен қамауға алынды.

Қазір оқып жатыр

Әскери қызметшілерге қызметтен кетерден алты ай бұрын жұмыс табуға көмектеспек

Әскерилер

Н. Төреғалиев: Ақ Жайық өңірі көрші елдердегі қандастармен тұрақты байланыс орнатып келеді

Форум

Алматы әкімдігі билбордтар орнатуға 600-ден астам жер телімін заңсыз берген

Алматы

Күшті әсер ететін заттар Wildberries арқылы арықтауға арналған дәрі ретінде сатылған

күшті әсер ететін дәрілер