USD
USD
USD

Атырау облысында өлтірілген отбасы ісі: қылмыс қашан және қалай жасалғаны айтылды

Атырау облысы прокуратурасының мәліметінше, күдікті Сұлтан Сәрсемалиев балдызы Наурыз Мұқанғалиевті мамыр айында, ал Қарабалиндер отбасының қалған үш адамын қарашада өлтірген.

Қарабалиндер отбасы
Фото: azh.kz

Астана, NEGE. Қылмыс бір мезетте жасалмаған: алғашқы және кейінгі эпизодтардың арасында бірнеше ай өткен, деп жазады «Ақ Жайық» басылымы.

Тергеу дерегінше, қылмысты күдікті жалғыз өзі жасаған. Сот-психиатриялық сараптама қорытындысына сәйкес, Сәрсемалиев ақыл-есі түзу, өз әрекеттері үшін жауап бере алады деп танылған.

Атырау облысы прокурорының көмекшісі Жандар Болатбектің айтуынша, қаза тапқандардың денесінде ас үй пышағымен салынған көптеген кесіп-тілген жарақаттар анықталған.

«Әрқайсысында алты және одан да көп жарақат бар, олар кеуде, мойын және өмірлік маңызды ағзалар аймағында орналасқан», – дейді прокуратура өкілі.

Қылмыстық іс мамыр айында сотқа жолдануы мүмкін.

Сәрсемалиевтің жұбайы әрі қаза тапқандардың қызы Ақбаян Мұқанғалиеваға қатысты түпкілікті қорытынды әзірге шығарылған жоқ. Атырауда мамандар оның психикалық жағдайына нақты баға бере алмағандықтан, Алматыда қайта сот-психиатриялық сараптама тағайындалды.

Айта кетейік, өткен жылы 25 желтоқсанда Атырау қаласының тұрғыны полицияға арызданып, ағасы мен оның отбасы мүшелерінің бір айдан астам уақыт бойы байланысқа шықпағанын айтып, арызданған. Бұл дерек бойынша Қылмыстық кодекстің «Адам өлтіру» бабы бойынша іс қозғалды.

6 қаңтарда Атырау облысында хабар-ошарсыз кеткен ерлі-зайыпты – 1959 жылы туған Мақсот Қарабалин мен 1961 жылы туған Насипа Өтешқалиеваның мәйіттері ауылдағы үйінің сарайынан табылғаны хабарланды. Екі адамның өліміне отбасының күйеу баласы Сұлтан Сәрсемәлиев күдікті деп танылып, оған іздеу жарияланды.

Күдікті  Сәрсемәлиев пен экс-жұбайы Ақбаян Мұқанғалиева 24 ақпанда Индонезияның Ломбок аралында ұсталды. Олар 9 наурызда Атырауға жеткізілді.

Күдікті қылмысын мойындағаннан кейін мәйіттердің қай жерде көмілгенін көрсеткен. Жедел қызметкерлер оның айтқан жері – Геолог ауданында бұрын жалдап тұрған үйінің ауласын тексеріп, Наурыз бен Мирамгүлдің денесін тапты.

Қазір оқып жатыр

Жамбыл облысында жаңа «Алатау» арнайы экономикалық аймағы құрылады

арнайы экономикалық аймақ

Қазақстанда діни сұрақтарға Imam AI жауап бермек

Имам AI

Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 18% деңгейінде қалдырды

банк

Алматы полициясы қоғамдық орында бетін тұмшалап жүргендерге ескерту жасады

бетін тұмшалау