USD
USD
USD

Атырау облысында мұнай компаниясына 1,4 млрд теңгеден астам айыппұл салынды

Атырау облысында «Потенциал Ойл» ЖШС-ға экологиялық тексеруден кейін 1,4 миллиард теңгеден астам айыппұл салынды.

айыппұл салынған компания
Фото: instagram.com/atyrauecodep

Астана, NEGE. Облыстық экология департаментінің мәліметінше, компанияны тексеру кезінде қоршаған ортаны қорғау саласында бірқатар заңбұзушылық анықталған.

Атап айтқанда, өндірістік экологиялық бақылау талаптары сақталмаған. Ағынды суларды бақылау бойынша да заңбұзушылықтар анықталды. Сонымен қатар, міндетті экологиялық есептерді тапсырмау, кешіктіріп тапсыру немесе қате тапсыру жағдайлары тіркелген.

Сонымен қатар кейбір жұмыс түрлері тиісті экологиялық рұқсатсыз орындалған. Ластаушы заттардың белгіленген шығарындылар лимитінен асып кеткен жағдайлары анықталды. Өндіріс пен тұтыну қалдықтарын басқару талаптарының да бұзылғаны белгілі болды.

Қазір оқып жатыр

Қазақстанда мобильді аударымдарды тексеру шегі 1,5 миллион теңгеге дейін көтерілмек

Смартфон

Песков: Ресей Түркі мемлекеттері ұйымына ресми шақырту алған жоқ

Дмитрий Песков

Ақтауда соқырішекпен түскен баланы дер кезінде қарамады деп айыпталған хирург өз уәжін жеткізді

Қанат Исмаил

Павлодарлық кәсіпкер Икрам Нұрмашовтың қазасы: полиция не дейді?

Икрам Нұрмашов