USD
USD
USD

Атырау облысында мұнай химиясы саласындағы төрт ірі жоба жүзеге асырылады

Атырау облысының әкімі Серік Шапкенов Үкімет отырысында мұнай химиясы саласындағы жобалардың жүзеге асырылуы туралы баяндады.

Мұнай химия
Фото: ғаламтордан

Алматы, NEGE. Ол Атырау облысының аумағында арнайы экономикалық аймақта мұнай химиясы саласында 4 ірі жоба іске асырылып жатқанын атап өтті.

KPI зауыты 3 айда 97,8 мың тонна полипропилен өндірілді, жыл соңына дейін 500 мың тонна көлемінде толық қуатына шыұпақ. «Silleno» полиэтилен өндіру зауыты қазіргі уақытта құрылыс жұмыстары басталды. Бутадиен және оның өнімдерін шығаратын зауыт құрылысын «Татнефть» компаниясымен бірлесіп осы жылдың екінші жартыжылдығында бастау жоспарлануда.

Терефтал қышқылы және полиэтилентерефталат өндіру бойынша зауыт. Қазіргі уақытта стратегиялық серіктес іздеуде.

«Жалпы, өңірдегі химия өнеркәсібі өнімінің көлемі 3 айда 47,7 млрд теңгені құрады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 17,7%-ға артық»,

 – деп атап өтті Серік Шапкенов.

Қазір оқып жатыр

«Біздің армия өткен ғасырда қалып қойған»: Тоқаев әскери реформаны он күнде әзірлеуді тапсырды

Ақорданың баспасөз қызметі

Каспийдегі қайғылы оқиға: қабылданған шешімдер хронологиясы

Қаза тапқан әскерилер

Маңғыстауда қаза тапқан 14 әскери қызметші мемлекеттік наградамен марапатталды

Маңғыстау

Айдос Мырзахметов қорғаныс министрі болып тағайындалды

Айдос Мырзахметов