USD
USD
USD

Атырау облысында мал мен ет өнімдерін заңсыз тасымалдағандарға 1 млн теңгеге жуық айыппұл салынды

Атырау облысында мал мен ет өнімдерін заңсыз тасымалдағандар мен сатқандарға 1 миллион теңгеге жуық айыппұл салынды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция
Фото: Полиция

Алматы, NEGE. Атырау облысында 18-20 қараша аралығында мал ұрлығын болдырмау, алдын алу және ашу мақсатында «Мал ұрысы» жедел-профилактикалық іс-шарасы ұйымдастырылды.

Іс-шара барысында 292 автокөлік, ет өнімдерін сататын 86 сауда нүктесі және 267 шаруа қожалығы тексерілді. Қыстақтар мен шалғайдағы учаскелерде жүргізілген рейдтерде қару сақтау, пайдалану және тасымалдау ережелерін бұзғандарға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 484-бабы бойынша 5 әкімшілік хаттама толтырылды.

Мал мен ет өнімдерін құжатсыз тасымалдаудың 23 фактісі және заңсыз сатудың 8 оқиғасы анықталып, 31 тұлға ҚР ӘҚБтК-нің 406-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Оларға жалпы сомасы 1 миллион теңгеге жуық айыппұл салынды. Сонымен қатар ауыл шаруашылығы жануарларының қадағалаусыз жайылуының 194 фактісі тіркелді.

Жедел-іздестіру жұмыстары нәтижесінде мал ұрлығымен айналысқан қылмыстық топ ұсталып, оларға қатысты 5 қылмыстық іс қозғалды. Оның ішінде бұрын жасалған екі ұрлық пен өткен жылдардағы үш қылмыс ашылып, 19 бас мал заңды иелеріне қайтарылды.

Қазір оқып жатыр

Ақтөбеде тағы бір келіншек бұрынғы күйеуінің қолынан ажал құшты: күдікті ұсталды

Полиция көлігі

Қазақстанда Toyota мен Lexus көліктерін несиеге беретін компанияға ескерту жасалды

көлік

Қазақстанда медициналық ұйым басшыларының әрбір бесіншісі тестілеуден өте алмаған

МӘМС

«Мұраң мәңгі жасайды»: Головкин Криштиану Роналдуға үн қатты

Головкин және Роналду