USD
USD
USD

Атырау облысында көші-қон заңнамасын бұзған 140-қа жуық шетел азаматы анықталды

Атырау облысында 1 күнде көші-қон заңнамасын бұзған 140-қа жуық шетел азаматы анықталды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция
Фото: Полиция

Алматы, NEGE. Атырау облысы аумағында көші-қон заңдылықтарын бұзған шетел азаматтарын анықтау және олардың жолын кесу мақсатында 3-9 маусым аралығында республикалық “Заңсыз келуші-2024” жедел-профилактикалық іс-шарасы өтіп жатыр.

Іс-шараның бір күнінде көші-қон заңнамасын бұзған 138 шетел азаматы анықталды. Оның ішінде шетелдiктiң немесе азаматтығы жоқ адамның ҚР заңнамасында белгіленген мерзім өткеннен кейін республика аумағында жүрген 44 тұлға, сондай-ақ, заңнамада белгіленген мерзім өткеннен кейін он тәуліктен астам кезеңінде кетуден жалтарған 45 тұлға және визада көрсетілген мақсаттарға сәйкес болмай немесе өз бетінше жұмысқа орналасу үшін анықтаманы не рұқсаттарды алмастан республика аумағында еңбек қызметін жүзеге асырған 46 тұлға ҚР халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзғаны үшін жауапқа тартылды.

Сонымен қатар ҚР ӘҚБтК-нің 518-бабы бойынша 46 азаматқа қатысты әкімшілік хаттама толтырылды. Одан басқа құқық бұзған 4 шетелдік азаматтық іс жүргізу және әкімшілік тәртібімен ҚР аумағынан шығарылды.

Қазір оқып жатыр

Alatau City жобасына Еуропа елдерінен инвесторлар тартылмақ

Делегация Алатау сити

Болат Өтемұратов OLX Қазақстанды 81 миллион долларға сатып алды

Болат Өтемұратов

Ташкентке жарысқа барып, ауруханаға түскен жас футболшылар елге оралды

Ташкентте емделген футболшылар мен дәрігерлер, елшілік өкілдері

Павлодар колониясында 12 жылға сотталған жігіт өлі күйінде табылды

рақымшылық