USD
USD
USD

Атырау облысында көпір ойылып, ауыр жүк көлігінің жүруіне тыйым салынды

Атырау облысының Махамбет ауданында орналасқан ең ұзын көпірдің орта бөлігінде ақау пайда болуына байланысты ауыр жүк көліктерінің қозғалысына тыйым салынды.

Атырау көпір
Фото: gov.kz

Алматы, NEGE. Аталған көпірдің құрылысы 2014 жылы басталып, 2017 жылы пайдалануға берілген. Көпірдің ұзындығы – 8,5 шақырым, ені – 13 метр. Оның құрылысына республикалық және облыстық бюджеттен 9,4 млрд теңге бөлінген. Кезінде бұл жобаның бас мердігерлігіне «Атырауинжсртой» ЖШС таңдалған.

Бұл көпірдің жүк көтеру қуаты 180 тоннаға есептелген. Оның ұзындығы – 860, ені – 13 метр. Көпірге көтерілетін жолдың жалпы ұзындығы – 8,5 шақырым. Көпірдің Жайық өзенінің оң жағалауындағы тармағы Махамбет ауылының тұсында Атырау – Орал республикалық трассасына қосылады.

Жақында көпірде жарықтар табылып, нысанды жартылай жабуға тура келді. Атырау облысы әкімдігінің хабарлауынша, Махамбет пен Жалғансай ауылдары арасындағы көпірдің ортаңғы бөлігінде зақым келген.

«Осыған байланысты көпірде ауыр жүк көліктерінің жүруіне тыйым салынды. Жеңіл автокөліктерге сағатына 20 шақырымнан аспайтын жылдамдықпен жүруге рұқсат етіледі, өйткені олардың салмағы қауіп төндірмейді», - деп хабарлады әкімдіктегілер.

Қазір оқып жатыр

Грузия Temu тарапынан демпинг жасалып жатқанына шағымданды

Temu

Ербол Хамитов Паралимпиада ойындарында алтын медаль жеңіп алды

Ербол Хамитов

Ақтөбеде математик мұғалім ата-аналардан қомақты ақша алып, бәске тіккен

мұғалім

«Балалары үшін алаңдайды»: адвокат Жанабыловтардың шешімін түсіндірді

жанабылов