USD
USD
USD

Атырау облысында бір топ жігіт полиция қызметкерлеріне шабуыл жасаған

Атырау облысының Мақат ауданында бір топ жас жігіт полиция қызметкерлеріне шабуыл жасады. Оқиға 3 сәуір күні кешкі сағат 22:20 шамасында болған.

Атырау
Фото: видео-скрин

Алматы, NEGE. Оқиғаға қатысты облыстық полиция департаменті ресми түсініктеме берді.

Ведомство мәліметінше, 2026 жылғы 3 сәуір күні шамамен сағат 22:00-де тәртіп сақшылары қызметтік міндетін атқару кезінде құқыққа қайшы әрекетті тоқтатқан. Алайда жағдайды анықтау барысында бір топ азамат агрессия танытып, полиция қызметкерлеріне күш қолданған.

Оқиға салдарынан екі полиция қызметкері зардап шеккен.

Қазіргі уақытта жанжалға қатысқан барлық тұлғалар анықталған. Оларға қатысты процессуалдық шаралар қабылдануда.

Аталған факті бойынша «билік өкіліне қатысты қорқыту немесе күш қолдану» бабы негізінде қылмыстық іс тіркеліп, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Полиция департаменті құқық қорғау органдары қызметкерлеріне қарсы жасалған кез келген заңсыз әрекет заң алдында жауапкершілікке әкелетінін ескертті. Тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат жария етілмейді.

Қазір оқып жатыр

ДСМ телеарналар мен әлеуметтік желілерде фастфуд жарнамасын шектеуді ұсынды

жарнама

Әділет министрлігі NCOC-тан 2,3 трлн теңге өндіріп алу неге уақытша тоқтатылғанын түсіндірді

Әділет министрлігі

Павлодарда шиномонтаж қызметкері дөңгелек жарылғаннан кейін қаза тапты

Шиномонтаж

PISA-2025: Қазақстан оқушылары қандай нәтиже көрсетті?

Сынып