USD
USD
USD

Атырау облысында аудандық білім бөлімінің басшысы пара алды деген күдікке ілінді

Атырау облысында Жылыой аудандық білім бөлімінің басшысы пара алу күдігіне ілінді. Қазір күдікті үй қамаққа алынды, деп хабарлайды Kazinform.

Ақша, жемқорлық
Фото: Фото: ғаламтордан

Алматы, NEGE. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Атырау облыстық департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, Жылыой аудандық білім бөлімінің басшысы пара алу күдігімен ұсталған.

«Атырау қаласының мамандандырылған тергеу соты күдіктіге қатысты «үй қамағына алу» түріндегі бұлтартпау шарасын қолданды. Қазір сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр», - деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Өзге ақпарат тергеу мүддесіне сәйкес жариялауға жатпайды.

«Конституцияның 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және Қылмыстық-процестік кодексінің 19-бабының 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әрқайсысы кінәсіз деп есептеледі», - деп мәлім етті департаменттің баспасөз қызметі.

Еске сала кетелік, бұған дейін Атырауда емхана директоры қамауға алынғанын хабарлаған едік.

Қазір оқып жатыр

Алатау қаласында алғашқы зәулім ғимараттың құрылысы басталды

Алатау қаласы

Түркияда қазақстандық әйел алтыншы қабаттан құлап көз жұмды

DHA

Уразбахтин «Қайрат» клубының бас бапкерлігінен кетті

Футбольный клуб «Кайрат»

Мәслихат депутаттығына кандидаттардың сайлау шығыны бекітілді

Құрылтай сайлауы