Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Атырау облысында 190 мың тұтынушы «ақылды» есептегіштерге көшіріледі

Атырау облысында «Атырау Жарық» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі тұрғын үйлерге электр энергиясын дәл есепке алуға мүмкіндік беретін «ақылды» есептегіштер орнатуды, сондай-ақ қосалқы станцияларды заманауи басқару жүйелеріне көшіруді жоспарлап отыр. Ауқымды жұмыстар алдағы төрт жылда кезең-кезеңімен іске асырылмақ.

Атырау облысы
Фото: pixabay.com

Астана, NEGE. Өңірдегі инфрақұрылымды жаңарту және цифрлық технологияларға көшу жұмыстары 2025-2029 жылдарға арналған «Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында қолға алынып отырғанын атап өткен жөн.

Ауқымды ұлттық жоба аясында смарт-есептегіштер электр желілері жаңғыртылған аумақтардағы тұрғын үйлерге орнатылады. Биыл облыс бойынша 10,5 мың «ақылды» есептегіш орнату жоспарланып отыр. «Атырау Жарық» ЖШС директоры Мейірбек Губашевтің мәлімдеуінше, келесі жылы бұл көрсеткіш бес есеге арттырылмақ. Жалпы төрт жыл ішінде Атырау облысындағы шамамен 190 мың абонент толықтай смарт-жүйеге көшірілмек. Жұмыстар қалада да, облыс аудандарында да электр беру желілері жаңартылатын учаскелерде жүргізіледі. Сондай-ақ жеке тұлғалар да, заңды тұлғалар да қамтылады.

«Ақылды» есептегіш орнату тұтынушыларға қандай артықшылықтар береді және қандай нәтижелерге қол жеткізуге болады?

  • Есептегіштегі көрсеткіштер автоматты түрде беріледі: енді атыраулықтарға есептегіштегі көрсеткіштерді өз бетінше жазып алып, ұйымға тапсырудың қажеті болмайды. Барлық дерек бірыңғай базаға автоматты түрде түседі.
  • Электр желісіндегі ақаулар дер кезінде анықталады: кернеу төмендеген немесе электр энергиясы өшкен жағдайда, есептегіш бірден диспетчерге сигнал жібереді. Апат болған жерді экраннан жедел анықтауға болады.
  • Дәлдік: адами фактор жойылып, электр шығынын есептеулер кезінде қателесу ықтималдығы азаяды, бұған қоса электр энергиясының ысырабы азаяды.

«Цифрландыру – уақыт талабы. Биыл "ақылды" есептегіштерді орнатуды бастаймыз, ал келесі жылы олардың санын бес есеге арттырамыз. Тұтынушыларға бұдан былай ай сайын есептегіш көрсеткіштерін жазып алып, ұйымға тапсырудың немесе бақылаушыны күтудің қажеті болмайды. Адами фактордың жойылуының арқасында электр энергиясын есепке алу кезінде қателіктер болмайды», – деп атап өтті «Атырау Жарық» ЖШС директоры Мейірбек Губашев.

Қосалқы станцияларға SCADA цифрлық жүйесі енгізіледі

Сала мамандарының мәлімдеуінше, қуаты 110/35 кВ болатын 16 ірі қосалқы станцияда SCADA цифрлық жүйесі енгізіледі. Бұл цифрлық жүйе электр жабдықтарының жұмысын нақты уақыт режимінде бақылауға, оларды қашықтан басқаруға және деректерді жинауға мүмкіндік береді. Соның нәтижесінде диспетчер экраннан қай жерде жүктеме артып кеткенін бірден көріп, апаттың алдын алу үшін жедел шешім қабылдай алады.

Жобаны кім қаржыландырады?

«Атырау Жарық» ЖШС өңірдегі жаңғырту жұмыстарын екінші деңгейлі банктерден тартылатын коммерциялық несиелер есебінен қаржыландыруды көздеп отыр. Бұл ретте халықтың қалтасына қосымша салмақ түспейтінін айта кеткен жөн. Мемлекет несиелер бойынша пайыздық мөлшерлемені ішінара субсидиялайды: егер несие мөлшерлемесі жылдық 10 пайыздан асса, айырмасы бюджет қаражаты есебінен өтеледі.

Қазір оқып жатыр

Барлау минуста. Құлыбаевтар мемлекетке 2 млрд теңге айыппұлды НЕГЕ төлемей жүр?

Кулибаев

Мектепте оқушылар смартфондарын қайда қалдырады?

Телефон

Каспийдегі мұнай-газ компаниялары терроризмге қарсы күштерді орналастыру үшін орын бөлуге міндеттелмек

Каспий

Шабуылдардан кейін Новороссийск портында қазақстандық мұнай қайта тиеле бастады

мұнай