USD
USD
USD

Атырау мұнай зауытының серіктесіне екі млрд теңге айыппұл салынды

Атырау облысында "Сұйытылған мұнай газын сақтау паркі  ЖШС Joint Technologies ЖШС-нің 50 пайыз үлесін сатып алу-сату шарты бойынша ерекше талаптарды бұзғаны үшін 2 млрд жуық айыппұл салынды, деп хабарлайды Атырау облысы прокураторасының ресми сайты.

Ақша
Фото: ғаламтордан

Алматы, NEGE. "Joint Technologies" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінен "Сұйытылған мұнай газын сақтау паркі" серіктестігі үлесінің 50% сатып алу-сату шарты бойынша ерекше талаптарды бұзғаны үшін бюджетке 1,7 млрд теңге мөлшерінде тұрақсыздық айыбы өндірілді", - делінген хабарламада.

Сондай-ақ бәсекелестікті қорғауды бұзғаны үшін парк сот қаулысымен Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 159-бабының 3-1-бөлігі бойынша әкімшілік жауапқа тартылып, 324 млн теңге көлемінде айыппұл салынды.

Бұған дейін прокурорлық тексеру нәтижелері бойынша жалпы сомасы 5,7 млрд теңгеге 50% үлес түріндегі мүлік мемлекетке қайтарылған болатын. 

Қазір оқып жатыр

«Біз одан шарап ішеміз»: Кенесарының бас сүйегі туралы айтқан қырғыз студенттері кешірім сұрады

Қырғызстандық студенттер

Жанжал кезінде газ тапаншасынан оқ атқан Астана тұрғыны 5 жылға сотталды

тапанша

Іле-Балқаш резерватына бір үйір құлан жіберілді

Іле-Балқаш резерватына жіберілген құландар

Астанада қыз баланың үстіне құрылыс қоршауы құлады

Астанада баланың үстіне құлаған қаңылтыр