USD
USD
USD

Атырау мұнай өңдеу зауытының жұмысы уақытша тоқтатылды: қор жеткілікті ме?

26 маусымда Атырау мұнай өңдеу зауытында жоспарлы алдын алу жұмыстары басталды. Технологиялық қондырғыларды 10 шілдеден бастап кезең-кезеңімен пайдалануға беру жоспарланған.

Атырау МӨЗ
Фото: https://t.me/kmgpress

Астана, NEGE. «ҚазМұнайГаздың» баспасөз қызметі таратқан хабарламада зауытта 20 реактор, 213 сыйымдылық, 32 колонна және 231 жылу алмастырғыш жабдықты міндетті техникалық куәландыру, сондай-ақ құбыр желілерінің жекелеген учаскелерін ауыстыру жоспарланғаны айтылған. Жөндеу жұмыстарына 1685 маман мен 53 арнайы техника тартылған.

Бұған қоса бірқатар технологиялық қондырғыда жалпы салмағы 335 тоннадан астам катализатор ауыстырылады. Сонымен қатар автобензин, дизель және авиациялық отын өндірісін ұлғайту мақсатында ЭЛТҚ АВҚ-3 қондырғысында вакуумдық колоннаның ішкі құрылғыларын ауыстыру жоспарланған.

Бұл ретте жабдықтарды тазалау процесі жабық дренажды жүйеде жүргізілетіні ескертілген. Бұл ластаушы заттардың атмосфераға таралуын барынша азайтуға мүмкіндік береді.

Ал мұнай өнімдері алдын ала жиналған қордан жөнелтілмек.

«Жанар-жағармай материалдарының ішкі нарығында тұрақтылықты сақтау мақсатында жоспарлы алдын алу жұмыстары кезінде мұнай өнімдері алдын ала жасақталған қор есебінен жөнелтіледі. Қазіргі таңда зауыттың резервуарлық паркінде жиналған қор көлемі: 38 мың тонна автобензин, 31,3 мың тонна дизель отыны және 6,8 мың тонна авиациялық отын бар», – делінген хабарламада.

«ҚазМұнайГаз» өкілдері қазіргі уақытта мұнай өнімдері нарығында жағдай тұрақты екенін айтып сендірді. Компания дерегінше, АИ-92 маркалы бензиннің 34 күн тұтынуға, ал дизель отынының 32 күн тұтынуға жетерлік қоры бар екені айтылды. 

Қазір оқып жатыр

«77 адамға 1,8 млрд теңге шығын келтірген»: күдікті Қырғызстаннан жеткізілді

экстрадиция

Министр Ресейдің бензинге қатысты өтініші туралы мәлімдеме жасады

.

Нұрлан Сабуров Молдованың «қара тізіміне» енді

Нұрлан Сабуров

ҚФФ президенті ата-анасының бизнесіне қатысы жоқ екенін айтты

.